Accessibility links

Reuters: Ресей Украинамен шекараға әскер түсірді


Ресейдің Ростов облысындағы Украинамен шекарасына жақын тұста кетіп бара жатқан әскери көліктер мен техникалар. Ресей, 24 мамыр 2015 жыл.
Ресейдің Ростов облысындағы Украинамен шекарасына жақын тұста кетіп бара жатқан әскери көліктер мен техникалар. Ресей, 24 мамыр 2015 жыл.

Ресей армиясы Украинамен шекараға жақын аймаққа саны көп әскер мен жүздеген әскери техникасын орналастырды деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Агенттік тілшісінің ақпраатынша, 23-26 мамыр күндері Ресей армиясының мобильдік зымыран кешендері, танктер мен ауыр артиллерия бөлімдері Украинаның ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Луганск облысынан 50 километр қашықтықтағы шекара маңына әкелінген.

Ресей қорғаныс министрлігі әскердің шоғырландырылуына қатысты комментарий бермеді.

Кремль өкілі Дмитрий Песков 27 мамырда журналистермен баспасөз конференциясында Украинамен шекараға жақын территорияда айырым белгісі жоқ әскер мен қару-жарақ шабуыл жасауға дайындық жүріп жатқанын білдіре ме деп сұраудың өзін "орынсыз" деп атаған.

Мәскеу бұған дейін Киев, НАТО мен батыс елдерінің "Ресей Украина шығысындағы сепаратистерге әскер мен қару-жарақ жөнелтіп жатыр" деген айыптауын талай жоққа шығарған.

НАТО әскери командирі, генерал Филипп Бридлав осы айдың басында сепаратистер Украина шығысында "жаңа шабуылға дайындалып жатқанына" сенімді екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG