Accessibility links

Назарбаев: Президент билігін әлсірету қажет


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің жиынында. Бурабай, 29 мамыр 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің жиынында. Бурабай, 29 мамыр 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде президент билігін әлсіретіп, үкімет пен парламент рөлін нығайту қажетін мәлімдеді. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Назарбаев бұл жайында Бурабайда өткен ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің жиынында айтқан.

"Үкімет пен парламентке көбірек құқық берген дұрыс сияқты. Бізде әлі күнге дейін президенттік билік болғанын білесіздер. Президент билігі тікелей, күшті. Орта тап санының артуына қарай үкіметтің өз бетімен жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік беріп, парламенттің өкілетін арттыру қажет" деген Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 1991 жылдан бері басқарып отыр. Биыл 26 сәуірде өткен мерзімінен бұрын президент сайлауында ол тағы бес жыл мерзімге сайланды. Назарбаевты сынаушылар оны билікті өз қолына шоғырландырып, оппозицияны басып-жаныштады деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG