Accessibility links

Уимблдон: Дияс төртінші кезеңге өтті


Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс
Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс

Әлемнің 34-ракеткасы, қазақстандық Зарина Дияс Уимблдон турнирінің төртінші кезеңіне шықты.

21 жастағы қазақ теннисшісі үшінші айналымда жарыстың және әлемнің 14-ракеткасы Андреа Петковичті (Германия) 7:5, 6:4 есебімен жеңді. Енді қазақстандық теннисші төртінші айналымда ресейлік Мария Шараповамен кездеседі.

Дияс 2014 жылғы Уимблдон жарысының төртінші кезеңіне дейін жеткен.

Уимблдон – теннистен әлемдегі Grand Slam (Үлкен шлем) сериясына кіретін ең ірі төрт турнирдің бірі. Лондонда өтетін жарыстың жүлде қоры 26 миллион 750 мың фунт стерлингті құрайды.

XS
SM
MD
LG