Accessibility links

Бейбіт Ыстыбаев - «Қазақстан Барысы» жеңімпазы


"Қазақстан барысы-2014" турнирінде Бейбіт Ыстыбаев (сол жақта) пен Мұхит Тұрсыновтың белдесуі. Астана, 29 маусым 2014 жыл.
"Қазақстан барысы-2014" турнирінде Бейбіт Ыстыбаев (сол жақта) пен Мұхит Тұрсыновтың белдесуі. Астана, 29 маусым 2014 жыл.

Қазақстан президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде жеңіске жеткен Бейбіт Ыстыбаевқа «Алтын тайтұяқты» президент Нұрсұлтан Назарбаев табыс етті. Сонымен бірге жеңімпазға 150 мың доллар ақшалай сыйлығы тапсырылды.

Ыстыбаев бұған дейін – 2012 жылы өткен «Қазақстан Барысы» турнирінде жеңімпаз атанған.

Биылғы «Қазақстан барысы» сайысында Руслан Әбдіразақов күміс жүлдегер атанса, қола жүлдені Ғани Сейділдаев иеленді.

XS
SM
MD
LG