Accessibility links

«Прогресс» ғарыш станциясымен бүгін түйіседі


«Прогресс М-28 М» жүк кемесі тиелген «Союз-У» зымыран-тасығышының Байқоңырдан ұшырылған сәті. 3 шілде 2015 жыл.
«Прогресс М-28 М» жүк кемесі тиелген «Союз-У» зымыран-тасығышының Байқоңырдан ұшырылған сәті. 3 шілде 2015 жыл.

Ресейдің «Прогресс М-28М» жүк кемесі бүгін халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) түйседі деп жоспарланып отыр деп хабарлайды ТАСС ресейлік «Роскосмос» ғарыш агенттігіне сілтеме жасап.

«Прогресс М-28М» кемесі «Союз-У» зымыран-тасығышының көмегімен шілденің 3-і күні Байқоңырдан ұшырылған. Бұл биылғы ақпан айынан бері ХҒС-на түйіскелі отырған алғашқы «Прогресс» кемесі деп хабарлады «Роскосмос» өкілі. Бұның алдында тек сәуір айында америкалық «Дрэгон» кемесі халықаралық станцияға Жерден жүк апарған.

Ресми ақпарат бойынша, «Прогресс М-28М» бұған дейін сәуірдің 28-і күні Байқоңырдан ғарышқа ұшырылған, бірақ әуеде жарылып кеткен ресейлік басқа бір кемесіне тиелгендей жүкті осы жолы ХҒС-на жеткізгелі отыр. Салмағы 2,4 тонна жүкте оттегі, отын, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған және өзгедей құрал-жабдықтар мен азық-түлік бары хабарланды.

XS
SM
MD
LG