Accessibility links

Түркияның оңтүстік-шығысында газ құбыры жарылды


Түркия энергетика министрі Танер Йылдыз.
Түркия энергетика министрі Танер Йылдыз.

Түркия энергетика министрі Танер Йылдыз елдің оңтүстік-шығысындағы Агри провинциясында түнде жасалған шабуылдан Ираннан Түркияға тартылған магистральды газ құбыры зақымданғанын хабарлады. Оның сөзінше, Иранмен шекарадан 15 километр қашықтықтағы құбырды күрд көтерілісшілері жарған болуы мүмкін деген күдік бар.

2600 километрді құрайтын газ құбыры Түркияның оңтүстік-шығысынан өтіп, Иранның толтүстік-батысындағы Тебриз қаласы мен Анкараның арасын жалғайды. Түркияның мемлекеттік Botas газ компаниясы қазір құбырды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын және газ тасымалдау қашан қалпына келетіні белгісіз екенін хабарлады. Күрдістан жұмысшы партиясының жасақтары бұрын бұл газ құбырын бірнеше рет жарған.

Өткен аптада Күрд жұмысшы партиясы Түркия әскери-әуе күштері партияның Ирактың солтүстігіндегі лагерлеріне соққы жасағаннан кейін Анкарамен жасалған бітімді тоқтататынын мәлімдеген. Анкара Түркиядағы этникалық күрдтер арасында тексеріс жүргізгенін және елдің әскери-әуе күштері Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларына соққы бергенін мәлімдеген. "Ислам мемлекеті" ұйымы да Сирияда және Ирактың солтүстігінде күрдтермен соғысып жатыр.

XS
SM
MD
LG