Accessibility links

Украина Депардьенің елге кіруіне тыйым салды


Ресей азаматтығын алған француз актері Жерар Депардье.
Ресей азаматтығын алған француз актері Жерар Депардье.

Украина француз актері, Ресей азаматтығын алған Жерар Депардьенің бес жылға дейін елге кіруіне тыйым салды. Бұл жайында Украина Ұлттық қауіпсіздік қызметі хабарлады.

Украина мәдениет министрлігі Депардье мен Ресейге жақтас басқа да ондаған шетелдік өнер қайраткерін "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді" деп танып, олар түскен фильмдер мен шығармаларды ел аумағында көрсетілмеуі тиіс дейді.

Украина билігі Депардьенің Ресей президенті Владимир Путинмен жақын байланыс ұстағанын ұнатпайды. Кейбір ақпараттар бойынша, Депардье өткен жылы "Мен Ресейді және оның бір бөлшегі Украинаны жақсы көремін" деп Украинаның тәуелсіз түрде өмір сүретінін де теріске шығарған.

Әйгілі әрі дауға іліккен Депардье Франциядан байлардан алынатын салықтың көбеюіне наразылық ретінде кетіп қалып, 2013 жылы қаңтарда Ресей азаматтығын алған.

XS
SM
MD
LG