Accessibility links

Атырау: "Сирияға бармақ болған" 3 адамның жолы кесілді


Атырау облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Атырау облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Атырау облысында "Сирияға қарулы қақтығысқа қатысу үшін бармақ болған" үш азаматтың жолы кесілді деп хабарлады бүгін облыстық сотқа дейінгі қылмыстық процестердің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Балнұр Есенгелдиноваға сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Есенгелдинованың айтуынша, арнайы қызмет "Сирияға бармақ болды" деген күдікті үш азаматқа қатысты қазір қылмыстық кодекстің 256 бабы ("терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру"), 24 бабы ("қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу"), 172 бабы ("шетелдік қарулы қақтығысқа қатысу") және 259 бабы ("террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.

Бірақ ол күдіктілердің аты-жөні, ұсталғаны жайлы, я басқа да егжей-тегжейлі ақпарат бермеген.

XS
SM
MD
LG