Accessibility links

Көкшетауда SCAT ұшағы апаты құрбандарына ескерткіш ашылды


SCAT әуе компаниясының ұшағы құлаған жерде жүрген адамдар. Алматы маңы, 29 қаңтар 2013 жыл.
SCAT әуе компаниясының ұшағы құлаған жерде жүрген адамдар. Алматы маңы, 29 қаңтар 2013 жыл.

Бүгін Көкшетау қаласында осыдан екі жарым жыл бұрын SCAT әуе компаниясы ұшағының апатында мерт болғандардың құрметіне ескерткіш ашылды деп хабарлады Tengrinews сайты. Ескерткіштің ашылу рәсіміне қаза тапқандардың туыстары мен жолдас-жоралары, сонымен бірге, қалалық әкімдік шенеуніктері мен облыстық мәслихат депутаттары қатысқан

Көкшетаудан жолаушылар алып келе жатқан қазақстандық SCAT әуе компаниясының Challenger-200 жолаушылар ұшағы 2013 жылы қаңтардың 29-ы күні Алматы әуежайына таяған кезде жерге құлаған еді. Ұшақ экипажының бес мүшесі мен 16 жолаушы (арасында екі жасар бала бар) түгелдей опат болған.

SCAT әуе компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі Виктория Ульянова бүгін ескерткіштің ашылуы кезіндегі сөзінде апат құрбандарының туыстары мен SCAT әуе компаниясы – бір үлкен отбасы деп айтқан. Балалар әуеге ақ шарлар ұшырып, ескерткіштің алдында 21 шырақ жағылды деп хабарлады Tengrinews.

XS
SM
MD
LG