Accessibility links

Қазақстан УЕФА рейтингінде 27-орынға шықты


«Астана» командасының ойынынан көрініс.
«Астана» командасының ойынынан көрініс.

«Қайрат» футбол командасының Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне дейін жетіп, «Астана» командасының чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуынан кейін Қазақстан УЕФА рейтингінде төрт саты жоғарылады.

Биылғы еуропалық жарыс маусымы қарсаңында 31-орында тұрған Қазақстан 27-орынға көтерілді. Қазақстанның алдында Әзербайжан (26), Қазақстаннан кейінгі орында, тиісінше, Сербия, Болгария, Словения тұр.

«Астана» командасы чемпиондар лигасындағы матчтарда жеңіске жетсе, Қазақстанның УЕФА рейтингінде тағы да жоғарылауға мүмкіндігі бар.

XS
SM
MD
LG