Accessibility links

Адвокат: Надежда Савченкоға пошта бермей жатыр


Надежда Савченко сотқа видео байланыс арқылы қатыстырылды. Ростов облысы, Ресей, 21 тамыз 2015 жыл.
Надежда Савченко сотқа видео байланыс арқылы қатыстырылды. Ростов облысы, Ресей, 21 тамыз 2015 жыл.

Ресейдің Новочеркасск қаласында тергеу абақтысында қамауда отырған украиналық Надежда Савченкоға пошта бермей жатыр деп хабарлады бүгін оның адвокаты Марк Фейгин Twitter әлеуметтік желісі арқылы. Ол Савченконы қолдайтындарды Ресей жазаны орындау федералдық қызметінің (ФСИН) Ростов облыстық басқармасы жетекшілігіне шағым жазуға шақырған.

Бұған дейін Ростов облыстық соты Савченконың ісі бойынша сот тыңдауын басқа жаққа ауыстыруға негіз жоқ деп тапқан соң, украиналық қыздың ісін Ростов облысындағы Донецк қалалық соты қарайтыны хабарланған. Оның алдында Савченконың қорғаушылары Донецк қаласында объективті сот процесін өткізуге жағдай жасалмаған деген уәжбен, сот тыңдауын Мәскеу қаласына ауыстыру туралы өтініш берген еді.

Тағы бір адвокат Илья Новиковтың айтуынша, Савченконың ісі бойынша сот үкімі қыркүйек айының соңында шығуы ықтимал.

Ресей тергеу орындары Надежда Савченкоға былтыр жазда Украинаның Донецк облысында қаза тапқан ресейлік екі журналистің ажалына қатысы бар және шекарадан заңсыз өткен деген айыптар таққан. Савченко журналистер қазасына қатысы жоғын мәлімдеп, өзін сепаратистер ұстап, Ресейге заңсыз әкелгенін айтады.

XS
SM
MD
LG