Accessibility links

Қазақстан Конституциясына 20 жыл толды


Қазақстан Конституциясының үлкейтілген нұсқасы жанында құрметті қарауылда тұрған сарбаз. (Көрнекі сурет)
Қазақстан Конституциясының үлкейтілген нұсқасы жанында құрметті қарауылда тұрған сарбаз. (Көрнекі сурет)

Бүгін Қазақстанда Конституцияның 20 жылдығын атап өтіп жатыр. Елдің негізгі заңы 1995 жылы тамыздың 30-ы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданған.

Осының қарсаңында Астанада Конституцияның 20 жылдығына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан жиырма жыл бұрын өткен референдумда «бірден-бір дұрыс жол таңдалғанын» мәлімдеген.

«Егер біздің мемлекет құру жолындағы қадамдарымыз асығыс, саяси тұрғыдан абстрактілі жобаларға негізделетін болса, онда сәтсіздікке ұшырайтынымыз анық еді. Оның залалы орасан болар еді» деген Қазақстанды 1989 жылдан бері үздіксіз басқарып келе жатқан президент Назарбаев.

Қазақстанда Конституция күні мемлекеттік мереке болып жарияланған. Биылғы жылы ел көлемінде негізгі заңның қабылданғанына 20 жыл толуына арналған көптеген мерекелік шаралар өткізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG