Accessibility links

KASE: Доллар бағамы өсіп барады


Астанадағы валюта айырбастайтын орындардың бірінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар. (Көрнекі сурет)
Астанадағы валюта айырбастайтын орындардың бірінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар. (Көрнекі сурет)

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада АҚШ долларының бағамы 275 теңге 47 тиынды құрап, 12 қазандағы таңғы саудадағы бағамнан 52 тиынға қымбаттады. Биржада кешегі күнгі кешкі саудада доллар бағамы 275 теңге 11 тиын болған еді.

Бүгін биржада 52 миллион 800 мың АҚШ доллары сатылған.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сында ұлттық валюта – теңге «еркін айырбас бағамына өткені» туралы жариялаған. Бірақ, қыркүйектің 16-сы күні Ұлттық банк «валютамен сауда нарығында тұрақсыздыққа жол бермес үшін» биржадағы сауда барысына валюта интервенциясын жүргізетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG