Accessibility links

"Антей-Алмаз": MH17 рейсін Киев бақылайтын аумақтан атқан


Ресейдің "Алмаз - Антей" концернінің басшысы Ян Новиков.
Ресейдің "Алмаз - Антей" концернінің басшысы Ян Новиков.

Ресейдің зымыран құрылғыларын шығаратын мемлекеттік "Алмаз - Антей" концерні өткен жылы Украина шығысында MH17 рейсінің апатқа ұшырауын тергеу нәтижесі Нидерланд мамандарының тексеру қорытыныдысына қайшы деп мәлімдеді.

Нидерландылық тергеушілер ұшақ апатын тексеру нәтижесін бүгін жариялайды.

"Алмаз - Антей" концернінің бас директоры Ян Новиков Мәскеуде өткен баспасөз жиынында концерн қандай қорытынды жасағанын нақты айтпады. Новиков нидерланд тергеушілерінің баяндамасымен танысқаны жайлы да ешнәрсе демеді. Новиков концерн сараптамасы малайзиялық ұшақ "украин күштерінің бақылауындағы Зарощенское елді мекені аумағынан атып түсірілді" деген болжамды растайды дейді.

Malaysian Airlines компаниясының Boeing жолаушылар ұшағы 2014 жылдың 17 шілдесінде Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер бақылайтын аумақта апатқа ұшыраған. Көпшілік қолдаған болжам бойынша, MH17 рейсін Ресей жабдықтаған "жер-әуе" санатты зымыран атып түсірген.

XS
SM
MD
LG