Accessibility links

Алматыда нан зауыты жұмысшылары наразылық танытты


Нан зауытындағы қысқарту
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:12 0:00

Нан зауытындағы қысқарту

Алматыда бүгін "Mercur Нан" кәсіпорнының ондаған жұмысшысы өздерін жұмыстан шығарып жібергеніне наразылық танытты.

Түрксіб ауданында орналасқан кәсіпорында нан таситын көлік жүргізушілерінің айтуынша, басшылық кәсіпорында жұмыс істейтін 180-нен астам жұмысшыны жұмыстан ескертусіз босатқан.

- Бүгін таңертең тапсырыс берген орындарға нан жеткізіп, қайтып кәсіпорынға келгенімізде басшылық көліктерімізді өткізіп алып, жұмыстан босадыңдар деді. Алдын ала ескерткенде басқа жұмыс іздейтін едік, - деді Азаттыққа Қайрат есімді жүргізуші.

Кәсіпорын басшысы Назгүл Жұмағұлованың Азаттыққа айтуынша, кәсіпорын нан бағасы арзан болуынан және мемлекеттен жеңілдік ала алмай отырғандықтан банкротқа ұшырайын деп тұр. Оның сөзінше, кәсіпорын қазір жұмысшыларға 20 миллион теңге қарыз және жұмысшыларға тиесілі ақшасын қазан айының соңына дейін төлеп бермек.

- Былтырдан бері Түрксіб аудандық әкімдігі мен қалалық әкімдікке нан бағасын қымбаттатуды, субсидия бөлуді сұрап бірнеше рет өтініш айттық. Бірақ ол өтініштеріміз ескерілмеді. Әкімдік нан бағасын 1-2 теңгеге ғана қымбаттатуға рұқсат берді. Бағаны көтерсек, нанымыз өтпей қалады, көтермесек шығынымыз жабылмайды, - дейді Жұмағұлова.

Бірақ жұмысшылар басшылықтың "кәсіпорынның қарызы көп, банкрот болайын деп тұр" деген уәжіне сенбейді.

XS
SM
MD
LG