Accessibility links

Петербургтегі наразы жүргізушілер Смольныйға бет алды


Новосибирскідегі жүк көліктері жүргізушілерінің наразылығы. Ресей. Көрнекі сурет.
Новосибирскідегі жүк көліктері жүргізушілерінің наразылығы. Ресей. Көрнекі сурет.

Федералдық жолдармен жүретін салмағы 12 тоннадан ауыр көліктерден жинала бастаған ақшалай алымдарға наразы жүк машиналарының жүргізушілері колонна болып сап түзеп, Санкт-Петербург губернаторының резиденциясына беттеді.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі Сергей Гуляев BBC-дің Орыс қызметіне Петербургтің орталығына қарай ұзындығы 8 шақырымға созылған 300 ауыр жүк көлігінің сап түзеп бара жатқанын айтқан.

Наразылық білдірушілер мәселені федералдық деңгейде көтеруді талап етіп, билікпен жүздескісі келеді.

Салмағы 12 тоннадан асып кететін жүк көліктерінен төлем алудың «Платон» деп аталатын жүйесі Ресейде 15 қарашадан бастап қолданысқа енген. Бұл төлем арқылы билік үлкен жүк көліктерінің федералдық трассаға келтіретін шығынын жабуды көздеген. Жүргізушілер мен орта және шағын бизнес өкілдері жаңа төлеммен келіспейді. Мұндай акциялар Ресейдің басқа қалаларында да өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG