Accessibility links

Коалиция: Азаптауға қатысты 65 шағым түсті


Заңгер Анна Смирнова. Алматы, 25 қараша 2015 жыл.
Заңгер Анна Смирнова. Алматы, 25 қараша 2015 жыл.

Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдары коалициясы Алматы мен Алматы облысы бойынша азаптау фактісіне қатысты өздеріне 65 арыз келіп түскенін мәлімдеді. Коалиция өкілдері бүгін Алматыда өткізген баспасөз жиынында 2015 жылдың қарашасына дейін өздеріне түскен 65 арыздың онына қатысты тиісті органдарға шағым түсірілгенін, ал үшеуі бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын айтады.

- Тиісті органдар құқық қорғау органы қызметкерлерінің үстінен азаптау немесе қызметін асыра пайдалану фактілері бойынша қылмыстық іс қозғамайды, тек қызметтік тексеру жасайды. Қазір жүргізіліп жатқан 3 қызметтік тексерудің өзі азаптау мен қызметін асыра пайдалану фактісіне қатысты емес, - дейді заңгер Анна Смирнова.

Коалиция Қазақстан бойынша жыл сайын орта есеппен 350 арыз-шағым тіркейді. Құқық қорғаушылар биылғы жылдың толық есебі жыл соңында дайын болатынын айтады.

Кеше, 24 қарашада Адам құқығы жөніндегі уәкіл Асхат Шәкіровтің төрағалық етуімен азаптауға қарсы ұлттық сақтандыру механизмін үйлестіру кеңесінің жиыны өткен. Онда кеңестің 2010 жылдың он айы бойынша алдын ала есебі тыңдалған. Шәкіровтің айтуынша, биылғы жылдың 10 айында азаптаудан ұлттық сақтандыру механизмі мүшелері 450 түрмеге, оның ішінде 17 жабық түрмеге барған. Бірақ жиында Алматы мен Алматы облысы бойынша азаптау фактісіне қатысты қандай да бір арыз-шағым түскені туралы сөз қозғалмаған.

XS
SM
MD
LG