Accessibility links

Астана Мәскеу мен Анкараны "ұстамдылыққа" шақырды


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).
Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).

Астана Ресей мен Түркияны "қайғылы оқиғаға жауап қатуда ұстамдылық танытып, жағдайды шиеленістірмеуде барлық қолдан келетін шаралар мен жолдарды пайдалануға" шақырды. Бұл туралы бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде айтылады. Министрлік "Түркия-Сирия шекарасында ресейлік әскери ұшақтың атып түсірілуіне" орай өкініш білдірген.

Сыртқы істер министрлігі бұған қоса "ұзақ жылдар бойы қалыптасқан" Ресей-Түркия қарым-қатынасының нашарлауына "кәдімгідей алаңдайтынын" білдірген. Астана ұшақтың атып түсірілуі антитеррорлық кампанияның тиімді жүруіне де әсер етуі мүмкін дейді.

Түркия 24 қарашада Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген. Анкара Ресей ұшағы "елдің әуе кеңістігін бұзды, ескертуді елемеді" деп мәлімдеген. Бірақ Мәскеу ұшақ Сирия территориясында болғанын айтып, Түркияның әуе кеңістігін бұзғанын жоққа шығарады. Ресей президенті Владимир Путин ұшақтың атып түсірілуін "ту сыртынан соққы беру" деп атады.

XS
SM
MD
LG