Accessibility links

Украина Голодомор құрбандарын еске алып жатыр


«Голодомор құрбандары мемориалы» ұлттық музейіндегі көрме. Киев, 27 қараша 2015 жыл.
«Голодомор құрбандары мемориалы» ұлттық музейіндегі көрме. Киев, 27 қараша 2015 жыл.

Украина бүгін елде совет билігі тұсында – 1932-33 жылдары болған аштықтың (Голодомор) 82 жылдығына орай Голодомор құрбандарын еске алып жатыр.

Бүгін мемлекет астанасы Киевтегі «Голодомор құрбандары мемориалы» ұлттық музейінде өтетін құрбандарды аза тұту рәсімі мен еске алу шараларына Украина президенті Петр Порошенко бастаған ел басшылары, дінбасылар қатысады деп хабарланды. Сенбі күні мемлекет аумағында ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, одан кейін жалпыукраиндық «Шырақ жақ» акциясы өткізіледі.

Голодомор құрбандарын еске алу шаралары Украина қалаларымен бірге шетелде де өткізілмек.

Бұл күні бүкіл Украинада мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, той-думан шараларына уақытша шектеу қойылған.

Украина ғылым академиясының есебі бойынша, Голодомор кезінде Украина ССР-і аумағында 4,5 миллион адам опат болған деп жазады УНИАН.

2006 жылы Украина Жоғарғы Радасы Голодоморды украин халқына қарсы жасалған геноцид деп таныған.

Голодомор құрбандарын еске алу туралы видео:

Голодомор құрбандарын еске алу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:11 0:00

XS
SM
MD
LG