Accessibility links

Назарбаев зейнетақы активтерін басқару тәсілін ұсынды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жылдық жолдауын оқып отыр. Астана, 30 қараша 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жылдық жолдауын оқып отыр. Астана, 30 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жолдауында Қазақстанның зейнетақы қорына жиналған қаржыны бизнесті несиелендіруге жұмсауға болмайтынын, тек бюджет тапшылығын жабуға пайдалану қажет екенін айтты. Ол ұлттық банктегі "институционалдық кемшілікті" жойып, "зейнетақы және проблемалық несиелер қорын оның бақылауынан шығару керек" деп мәлімдеді.

- 2016 жылы зейнетақы активтері қазақстандық жекеменшік немесе шетелдік компаниялар басқаруына берілуі тиіс. Зейнетақы қаржысының табысын арттыру үшін зейнетақы қаржысын инвестициялау жолдарын қайта қарау керек. Ал бизнеске қаржы онсыз да жетеді. Оны бізге халықаралық қаржы институттары береді, - деді Назарбаев.

Назарбаев Ұлттық банкке екінші деңгейдегі банктердегі проблемалық несиелер көлемін анықтап, оның қорытындысы бойынша "шара қолдануды" тапсырды.

Ол бұған қоса, "теңгеге деген сенімді қайта қалпына келтіру қажет" деп, Ұлттық банктің жұртшылыққа өз жұмысы жайлы толық ақпарат беруі маңызды екенін айтты.

XS
SM
MD
LG