Accessibility links

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы көбеймек


Қазақстан президенті жолдауы рәсімінде отырған шенеуніктер. Астана, 30 қараша 2015 жыл.
Қазақстан президенті жолдауы рәсімінде отырған шенеуніктер. Астана, 30 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында 2016 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы көбейетінін хабарлады. Назарбаевтың сөзінше, дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 28 пайызға дейін, білім саласы қызметкерлерінің жалақысы 29 пайызға дейін, әлеуметтік жәрдемақы көлемі 40 пайызға дейін ұлғаяды.

Назарбаев "Б" корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 2016 жылдан бастап 30 пайызға көбейетінін де айтты. Зейнетақы көлемі де инфляция өсімінен екі пайызға жоғары болатын дәрежеде қайта есептеледі. Президенттің айтуынша, жалақыны көбейтуге қажет қаржы шығындарды екшегеннен кейін табылмақ.

Қазақстан президенті бұған қоса, 2017 жылдан бастап елде кәсіптік-техникалық білім беру тегін болатынын да айтты.

XS
SM
MD
LG