Accessibility links

Обама: Климатты сақтау үшін әлем бірігуі тиіс


АҚШ президенті Барак Обама Париждегі климтаттың өзгеруіне қарсы күрес саммитте сөйлеп тұр. 30 қараша 2015 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Париждегі климтаттың өзгеруіне қарсы күрес саммитте сөйлеп тұр. 30 қараша 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Париждегі климаттың өзгеруіне қарсы күрес саммитіне қатысып жатқан әлемнің 150 лидеріне (мемлекет өкілдеріне) "бір сәтке бірігу" туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, әлем халықтары климаттың өзгеруіне қарсы күш біріктіре алатынын сезінуі тиіс.

30 қараша күні БҰҰ конференциясында сөйлеген Обама "әлем лидерлері климатты бұзбау туралы келісім жасасулары қажет" деді. Ол АҚШ-тың әлем климатының өзгеруіне әсері бойынша екінші орында тұрғанын және бұл жауапкершілікті толық түсінетінін мәлімдеді.

30 қараша күні Париждегі саммитті ашқан Франция президенті Франсуа Олланд "әлем елдерін климатты бұзбау туралы қатаң келісім жасасуға" шақырған еді. Олланд ол келісімді "қазір жасамаса, кеш болатынын" да ескертті. Оның сөзінше, "қазір әлем қауіпті меженің шегінде тұр".

Ал Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Парижде "дамушы елдердің әлі күнге көмір мен мұнайға, басқа да отын түрлеріне мұқтаж" екенін ескертіп, "сондықтан климат мәселесін әңгіме еткенде әділетті болуымыз керек. Дамушы елдерге дамуға мүмкінджік қалдыруымыз керек" деген.

Үндістан - 1 миллиард 250 миллион халқы бар дамып келе жатқан ел. Бұл мемлекет экономикасында әлі күнге көмірді көп мөлшерде пайдаланады.

XS
SM
MD
LG