Accessibility links

Германияда пойыз соқтығысынан бірнеше адам қаза тапты


Баварияда болған пойыз апаты. Германия, 9 ақпан 2016 жыл.
Баварияда болған пойыз апаты. Германия, 9 ақпан 2016 жыл.

Германияның солтүстігіндегі Бавария аймағында бүгін екі жолаушы пойызы соқтығысып, бәірнеше адам қаза тапты. Пойыз апаты Бавария орталығы Мюнхеннен оңтүстік-шығысқа қарай 60 километр қашықтықтағы Бад-Айблинг қаласы маңында болды.

Жергілікті полицияның мәліметінше, аймақ арасында қатынайтын екі пойыздың бетпе-бет келіп соқтығысуынан 150 адам жараланды. Апаттан мерт болғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Бірақ Бавария полициясы Twitter-де апаттан бірнеше адам мерт болғанын хабарлады.

Германиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қақтығыстан екі пойыздың бірі рельстен шығып кетіп, бірнеше вагоны аударылды. Бірнеше адам вагондар арасында әлі қалып қойды.

Жол апатына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG