Accessibility links

"Полиция жәбірлеген" қарағандылық қайта шағымданды


Ахмет ауылының тұрғыны Николай Синявин. Қыркүйек 2015 жыл.
Ахмет ауылының тұрғыны Николай Синявин. Қыркүйек 2015 жыл.

Ахмет ауылының тұрғыны Николай Синявин Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының № 2 сотына полицияның өзін ұрып-соғу әрекетіне қатысты шағым түсірді. Сот Азаттыққа азаматтық шағымды қабылдап алғанын растады.

Шағым беруші Синявин моральдық өтемақы ретінде үш миллион теңге талап етеді. Жауапты тарап – Қарағанды облысының ішкі істер департаменті мен қаржы министрлігі бұл талап-арызбен келіспейді. Билік органдарының уәжі бойынша зардап шегуші моральдық өтемақыны түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтардан өндіріп алуы қажет.

33 жастағы Николай Синявин 2014 жылы Нұра аудандық ішкі істер бөлімшесінде полиция қызметкерлері өзін тергеп-тексеру кезінде ұрып-соғып, мүгедек болып қалғанын мәлімдеген. Оның арызы бойынша, бұл іске қатысты үш полицей қызметкері үш жылға сотталған. Полицейлер өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG