Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 05:18


ӘЛЕМ / Ресей

Ресейде Путиннің инаугурациясына қарсы митингілер өтті

Ресейдің астанасы мен бірқатар аймақтарындағы ірі қалаларында соңғы президенттік сайлаудың нәтижесіне және Владимир Путиннің инаугурациясына қарсылық көрсету шаралары басталды. Қоғамдық белсенділердің кейбіреуі қамауға алынды.

Мәскеудегі "Миллиондар маршынан" көрініс. 6 мамыр 2012 жыл
Мәскеудегі "Миллиондар маршынан" көрініс. 6 мамыр 2012 жыл
Мәтін көлемі - +
Мәскеуде келесі апта өтетін Ресей президенті инаугурациясының қарсаңында, мамырдың 6-сы күні "Миллиондар маршы" атты шеру ұйымдастырылып жатыр. 
Қала әкімдігі шеруге шығушылардың Большая Якиманка көшесі мен Болотный алаңында наразылық шарасын өткізуіне келісім берген.

Шеру Калужский алаңында 15.30-да басталды. Мыңдаған демонстранттар "Путинсіз Ресей" және "Қайта сайлау" деп ұрандады. Шерушілер НТВ телеарнасына қаратып "Жалған сөйлеме!" деп те айғайлап жатты. Полиция алаңға шатыр әкелгені үшін бірнеше адамды қамауға алып та үлгерді.

Жергілікті уақыт бойынша кешкі 17.00-де шеруге 70 мыңға жуық адам қатысып жатыр деген деректер пайда бола бастады. Олардың ішінде белгілі адамдардан Илья Яшин, Алексей Навальный, Сергей Удальцов, Борис Немцов пен Георгий Явлинский көзге шалынған.
Большая Якиманкадан Болотный алаңына дейін созылған шеруден көрініс. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жылБольшая Якиманкадан Болотный алаңына дейін созылған шеруден көрініс. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл
x
Большая Якиманкадан Болотный алаңына дейін созылған шеруден көрініс. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл
Большая Якиманкадан Болотный алаңына дейін созылған шеруден көрініс. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл

Кешкі 18.00-ге қарай демонстранттардың бір бөлігі полиция тізбегін бұзып өтіп, екі жақтың арасында теке-тірес туды. Навальный, Немцов пен Удальцов қамауға алынды.

Азаттық радиосының Орыс қызметінің хабарлауынша, әртүрлі аймақтардағы қоғамдық белсенділер өздерінің Мәскеудегі шеруге қосылуына жергілікті әкімдіктер кедергі келтіріп жатқанын айтқан. Владивосток пен Хабаровск қалаларында Мәскеудегі маршты қолдап акция ұйымдастырушылар қамауға алынды деген хабар түскен. Томскіде 150-ге тарта "Миллиондар маршын" қолдаушы қала орталығына жиналды.  

Мәскеудегі оппозицияның бір бөлігі Манежный алаңында рұқсат етілмеген акция - азаматтық бас қосу өткізбекші. Сол жерде жергілікті ұлтшылдар да президент сайлауының қорытындысына қарсылық танытпақшы. Полиция рұқсатсыз өтетін акциялардың алдын алатынын мәлімдеді.
"Миллиондар маршынан" көрініс. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл"Миллиондар маршынан" көрініс. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл
x
"Миллиондар маршынан" көрініс. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл
"Миллиондар маршынан" көрініс. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл

Жаңадан сайланған президент Владимир Путинді қолдайтын Жалпыресейлік халық майданы атты ұйым мүшелері де 6 мамыр күні Поклонная гора атты орында жеке акция жасап, ұйымдарының құрылғанына бір жыл толуын атап өтпекші. Мәскеу қалалық әкімдігі бұл акцияны өткізу бойынша келісім алудың қажеті жоқ деп хабарлады.

Мамырдың 7-сі күні Ресей президенті қызметіне ресми түрде кірісетін Владимир Путиннің үшінші мәрте президент болып сайлануы елде бұрын-соңды болмаған наразылық толқуын тудырған еді. Бұл наразылыққа былтырғы желтоқсан айында өткен парламент сайлауы түрткі болған. Сол кезде сайлау нәтижесіне наразылық танытқан оппозицияның Мәскеуде өткізген шерулеріне жүздеген мың адам қатысқан болатын.

Мәскеуде мамырдың 6-сы өткен шерудің Youtube сайтынан алынған видеосын мына жерден көре аласыз: 




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
06.05.2012 17:05
+0 / -0
Ресейден тағы бір Ленин шығатын болса біздің көксоққан да алапат дауылдан аман қалмас...
Миколай патша қатыны мен бала-шағалары ғана қырылып қалып еді, біздің көксоққанның тарақанша өрген туыс-тумаларымен қоса шыпырлаған тоқалдары да шетінеп кетер ме екен?..
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 01:46
+0 / -0
...Ол үшін өзіміздің "Голошокиніміз" болуы керек қой...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 22:28
+0 / -0
Жоғарғы суретке назар салыңыз, бұлардың менттері арқа жарқа жүрғой. Тез арада бізге стажировкаға жіберу керек екен, қырып салудың қыр сырын үйренсін.

Кімнен: Шындық
06.05.2012 23:57
+0 / -0
Әтең менің елімдеде осындаи милйондар көшеге шығып әділдіктің жалауын желбіретермеді . Сонда билік халықпен санасып саилауды таза өткізіп , кішкене болсада сөзімізді өткізе алған болар едік . Қазағым оянып қаисар мінез танытса кещегі Жаңаөзендеи қырғын болмас еді . Жүз мыңдаған халық алаңдарда аиқай салса Заманбекпен , Алтынбек тірі болар еді . Қасиетті жерде , баилықта , жетімде сатылмас еді , жемқорлыққа қарсы жұмыс нәтиже беріп , туған ана тіліме төрден орын берілген болар еді . Халықтың жуастығын паидаланған билік оиына келгенін жасауда . Менделев таблицйасындағы баилықтың барлығы бола тұра халқы кедеи билігі баилықтан бастары аиналған , алтын бесіктің үстүнде тербелген ел бола тұра өз қолымыз өз аузымызға жетпеиді . Сонда жерде , баилықта әкесі Әбіштің баласы Нұрсултанға қалдырғаныма неге орнын босатып , билікті бермеи отыр . Кезінде Қонаев атамызға сын аитып жамандағанында естіп едік , өзі оданда асып түсті , көкемізге Қонаевтаи болу қаида , ол үшүн өмірге қаита келіп жақсы жағына қараи басынан қаита бастау керек .Ия сын аитылмай мін дүзелмес .Билікке сөз өтпеиді бірақ жолы келмескеғана аттандыру керек . онсызда билік тамыры шіріп құлаиындеп тұрған алып бәитерек , кесіп тастар болсақ тамырынан қаита шығар , түп тамырынан жұлып лақтырып тастауда ерлік . Басқа жол жоқ . Ата бабалар көрсеткен бағытқа бет алсақ , келешек ұрпаққа жол салып берген болар едік . Арманда , Бақта , Жақсылықта үлкен күреспен келетінін моиындайтын уақыт жеткен сияқты .

Кімнен: Бахытжан
07.05.2012 14:06
+0 / -0
мынандай халық шығатын болса біздің көксоққан жүрегі жарылып өлетін шығар қорықанан

Кімнен: баиборан Қайдан: алматы
17.05.2012 13:59
+0 / -0
көксоқаның шетелден өзіне орын даиындап қоиған шығар қазақстснның жарты баилын саттғой

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?