Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:53

ӘЛЕМ / Ресей

Путин бұрынғы советтік кеңістікте Евразия Одағын құруға шақырды

Президенттікке қайтып оралуға бекінгелі бері жариялап тұрған алғашқы бастамасында Владимир Путин Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы экономикалық интеграцияны «Евразия Одағы» етіп кеңейткісі келетінін мәлім етті.

Владимир Путин, Ресей президенті (ортада), ЕврАзЭС жиынында. Душанбе, 6 қазан 2007 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қазанның 4-і «Известия» газетіне бастырған бас мақалада Путин Ресей, Беларусь пен Қазақстанды біріктіретін Еуразия Одағы құруға шақырды. Ол өз арасындағы сауда, капитал және жұмыс күшіне қатысты шектеулерді алып тастауды жоспарлап жатқан осы үш елден тұратын Кеден Одағын мақтай кетті. Бұл Одақтың 2009 жылы «Еуропа Одағы мен өзге де аймақтық интситуттардың тәжірибесіне сүйене отырып құрылғанын» жазады мақала авторы.

Путин енді одан да батылырақ қадам жасап, Еуразия Одағының аясында биігірек интеграциялық деңгейге ұмтылу қажеттігіне баса назар аударады.
Путин енді одан да батылырақ қадам жасап, Еуразия Одағының аясында биігірек интеграциялық деңгейге ұмтылу қажеттігіне баса назар аударады.

Сарапшылар Путиннің бұл әрекетін қазіргі Ресей қоғамына кең тараған Совет Одағын аңсау сезімін күшейтіп, сайлау алдында биліктің танымалдығын арттыру амалы деп есептейді.

Мәскеуде орналасқан Саяси бағалау орталығының сарапшысы Павел Савин:

- Путин электораттың басым көпшілігінде бар империалистік пиғылды дөп басып ойнағысы келіп отыр. Расында да мұндай аңсау бар. Дәл Совет Одағының түрінде болмас, өйткені тұтас Орталық Азия, Балтық елдері мен Оңтүстік Кавказ уысына қайтып түспейді. Бірақ, империалистік өткен шақты көксеу әлі де басылмаған. Путин қоғамның көкірегіндегі осы бір қылдарды шертіп ойнағысы келеді, - дейді.

СССР-дің құлауын «21 ғасырдағы ең ірі геосаяси апат» деп атаған Путин бұл жолғы мақаласында «менің идеям СССР-ді қайта құру емес. Бұлайша өткеннің көшірмесін жасау тым қарабайыр болар еді. Бірақ, саяси-экономикалық негіздегі күштірек интеграция мен құндылықтардың жаңа жүйесі – заман талабы» деп жазады.
Бірақ, империалистік өткен шақты көксеу әлі де басылмаған. Путин қоғамның көкірегіндегі осы бір қылдарды шертіп ойнағысы келеді.

Николай Петров Мәскеу Карнеги орталығының сарапшысының ойынша, бұл мақала Путиннің сыртқы саясаттағы жеңістеріне назар аударту, желтоқсанның 4-і өтетін Дума сайлауының алдында жасалған жарнама.

- Ресейлік сыртқы саясат туралы бұл көзқарастан жаңа ештеңе көрмей тұрмын. Путиннің сыртқы саясаты, әсіресе, көршілеріне қатысты қаншалықты әсерлі болғанына жасалған ишара. Мақала бағдарламаға да ұқсамайды, Путиннің жетістіктерін тізіп шыққан сипаттама ғана, - дейді Николай Петров.

Путин 2012 жылдың қаңтарында қызмет ете бастайтын Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы Кеден Одағын ерекше атап өтіп, өзінің ықпал ету орбитасындағы барлық пост-советтік елдер үшін тарихи оқиға деп көрсетеді.

Ол өзге де бұрынғы советтік елдерді Кеден Одағына кіруге шақырады. Ондай жағдайда Еуропа Одағына кіре алмай қаламыз деген Украинаның наразылығын тағы бір мәрте елемей өте шығады.
Путин өте қиын жағдайда қалып отыр. Өйткені биліктің рейтингі құлдырап барады. Оның жеке басының рейтингі де соған ұқсас. Сондықтан ол электоратты тірілтетін жаңа ойын бастамақ.

Еуропа Одағының үлгісінде һәм оған геоэкономикалық бәсекелес ретінде жобаланған 165 миллион тұтынушысы бар Біртұтас Экономикалық Кеңістік жалпы алғанда позитивті әсерге ие және Еуропа мен Азияны жалғайтын экономикалық дәліз рөлін атқармақ деп санайды Путин.

Павел Савиннің ойынша үшінші мерзімге президент болып сайланғысы келетін Путин билеуші топтың кері кетіп бара жатқан танымалдығын қалпына келтіруге барын салып жатыр.

- Путин өте қиын жағдайда қалып отыр. Өйткені биліктің рейтингі құлдырап барады. Оның жеке басының рейтингі де соған ұқсас. Сондықтан ол электоратты тірілтетін жаңа ойын бастамақ, - дейді Савин.

Путиннің рейтингін аз деп те айтуға келмейді, қазір 70 пайыз шамасында. Бірақ, 2008 жылғы Ресей халқының 85 пайызының қолдауына ие болған танымалдығы кеми түскен. Ал Путин басқаратын «Единая Россия» партиясының рейтингі биылғы маусым айында 40 пайызға бір-ақ түскен еді.

Николай Петровтың пікірі Путин Кремльге оралғасын Ресейдің сыртқы саясаты қандай да бір өзгеріске ұшырай қоймайды дегенге саяды. Бірақ, батысшыл болып көрінуге тырысқан Медведевтің саясаты көмескілене түспек.

- Бұдан былай екеуіне «тандем» болып ойнап, екі бөлек аудиторияға бейімделе қалу мүмкін болмайды, - деп санайды сарапшы.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: DDoS-шабуыл Қайдан: Тау
04.10.2011 22:17
+1 / -0
Біздің патша екі қолын көтеріп қолдайтын шығар. Көксегені Қазақстанды орысқа жығып беру ғой.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
05.10.2011 10:09
+1 / -0
Пөтиннің саусақтары жайылып "пальцы веером" болып, қасындағы екеудің құлақтарынан теуіп жатыр-ау шамасы...
Пікір алмасу

Кімнен: Қаратроғай Қайдан: ШЫҒЫС
06.10.2011 11:13
+0 / -0
Тауып айтасыз, біздің патша оның айтқаны өтірік екенін білсе де, құлағына жағып бара жатқан шығар. Елдігімізге қатер төнді. Қытайдан қорқамын деп орыстың қолтығына кіре беремізбе, не үшін орыстан да қытайдан сақтанғандай сақтанбаймыз???

Кімнен: ара Қайдан: уядан
05.10.2011 11:39
+0 / -0
осы кедендик одактын соны бурынгыдай кенестик одак болып, орыска косылып тынбасак болганы.....

Кімнен: Еркін Қайдан: Алатау
05.10.2011 12:29
+1 / -0
Бір күні ұйқыдан тұрып, НӘН-нің :"Әйтеуір, Қазақстанды Ресейге қостым-ау!", деп мақтанып тұрғанын естісеңіздер, таңғалмаңыздар.

Кімнен: Ғалымжан Қайдан: ҚАЗ
05.10.2011 17:56
+0 / -0
НӘН коммунист! Оның ойы тек әлі утопиялық коммунизмде!!! Құрту керек НӘНді, тезірек құрыса екен!!!

Кімнен: арман Қайдан: актау
05.10.2011 19:18
+0 / -0
қазақстанды құртадау осы билік тәуелелсісдік алдық деп елге жайды сырты бүтін іші түтін қарап отырсаң бұл қазақстанда қазақ халқы озінің жеріндегі байлығына ие болалмай отыр қаидағы басқа ұлттар қызығын көріп жүр себебі бәрі сатылған қазақ пен басқа ұлт төбелесіп қалса ментер қазақты ұрып соғып қамап тастайды,қытай жүр талтаңдап қазақ қызымен неке құрып осы кезден осындай болып жатыр ереуіл деп мұнайшыларды жамандап жүр айлығы көп деп не тұрыс екен деп өз қазағымыз басқа ұлттар жүр талтаң талтаң етіп тезірек нән өлсе екен той жасар едім тұқымдарым бірге манғыстауға келе жатып самолеті жарылмайдау теңіздегі балықтарға жем қылатын,
Пікір алмасу

Кімнен: ссс Қайдан: атырау
06.10.2011 13:04
+0 / -0
Амин!!! АМИН!!! Амин!!!

Кімнен: Adoha Қайдан: Atyrau
05.10.2011 21:36
+0 / -0
иа "ТӘУЕЛСІЗ" елмізгой, Елимиздин дипломы оны окыган жумысшылары пайдага аспай жатканда орыстын жумысшылар леги агатын болдыгой Инженерлик кызметке

Кімнен: Қонқ
06.10.2011 14:11
+0 / -0
Осы орыстардың ақ бұттарынан шыға алмай ақ қойдық.