Accessibility links

Ресей телеарналарындағы «эксклюзив» өтірік


"Россия 1" телеарнасының эфирі. (Көрнекі сурет)
"Россия 1" телеарнасының эфирі. (Көрнекі сурет)

Ресей телеарналары Украинадағы қақтығыстарға қатысқан бір адамды екі түрлі көрсетіп, ұятқа қалды. «Майданға» көмектесуге шетелден келген жалдамалы» екінші сюжетте «ресейшіл патриот» болып кеткен.

Танысып қойыңыз. Бұл – Андрей Петхов. Фамилиясы Петков болуы да мүмкін. Ол – осыдан 20 жыл бұрын Германияға көшіп кеткен эммигрант. Ресейшіл демонстранттарға қарсы күресу үшін Украинаның Николаев қаласына келген.

Бірақ ол Николаевтағы орталық алаңда тұрған, Киевке наразы, 40 жастағы «ресейшіл патриот».

«Сондай қалай, Петхов/Петков қай тарапты жақтайды?» дейсіз ғой.

«500 МЫҢ ЕУРО»

Бұл сіздің қай телеарнаны көргеніңізге байланысты. Мемлекеттік «НТВ» телеарнасы мен «Россия 1» телеарнасы оның бір-бірімен мүлде қабыспайтын екі түрлі образын көрсетті.

«НТВ» телеарнасының хабарлауынша, «Петхов есімді шетел азаматы ел ішінде бүлік шығару үшін (қарулы топ құру үшін – ред.) Германиядан 500 мың еуро алып, Украинаға келген. Бірақ мұнда әсіреұлтшыл «Оңшыл сектор» мен ресейшілдер қақтығысы кезінде соққыға жығылып, аяғы мен мұрны сынған ол ауруханаға түскен.

«НТВ» сюжетін мына видеодан көре аласыз:
"Майданшыл" неміс жалдамалысы "Андрей Петхов"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:07 0:00

«Оның палатасына қатаң күзет қойылған, дегенмен біздің тілшілерімізге одан эксклюзив сұхбат алудың сәті түсті» дейді «НТВ» тілшісі.

Петхов өзін «төрт елдің паспортын иемденген дәрігермін» деп таныстырады. Оның айтуынша, сәуірдің 7-сі күні Киевтегі украин үкіметіне қарсы наразылық жиынына келген, сол жерден қолы жараланған әйелді көрген. Оны емдей бастағанда, арақ ішкен радикалдар пайда болып, шуылдақ граната, резеңке шоқпар және атыс қаруын қолданып, бейбіт демонстранттарға шабуылдаған.

«Бес минуттың ішінде бүкіл өмірім өзгерді. Бұл қалада бір тәулік боламын деп өлім аузынан қалдым» дейді ол «НТВ»-ға берген сұхбатында.

«Миым шайқалды» деген Петхов бір топтың мүшесі екенін білдіріп, бірақ ол топ туралы айтқысы келмейтінін мәлімдейді. Ол «ресейшілерге қарсы соғысуға жіберілдім» дегенді сөзді де айтпайды. Бірақ «НТВ» телеарнасы веб-сайтына жарияланған видеосының шекесіне «Германиялық жалдамалы Украинадағы «Оңшыл секторға» 500 мың еуро әкелген» деп жазып қойған.

«ЖЕРГІЛІКТІ РЕСЕЙШІЛ ДЕМОНСТРАНТ»

Ал «Россия 1» телеарнасы «НТВ» «эксклюзивіндегі» адамды басқа бір қырынан түсірген. «Россия 1» бұл адамды «Николаев қаласының жергілікті тұрғыны Петков» деп таныстырады. Видеода ол төсегіне Георгий лентасын байлап қойған.

«40 жастағы Андрей Петков енді жарты жыл жүре алмайды. Сәуірдің 7-сі күні Андрей Киевтегі жаңа билікке наразылық білдіру үшін әдеттегідей орталық алаңға келген. Бірақ радикалдар бейбіт наразылық шарасына шабуыл жасаған» дейді телеарна тілшісі.

«Россия 1» сюжетін осы жерден көріңіз:
"Россия 1" көрсеткен Петков.
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:36 0:00


Бұл сюжетте қысқа ғана сөйлеген Петков әлдебір қарулы адамның қолынан мерт болуға шақ қалғанын айтып береді.

«Жерде жатқанымда ол желкеме тапанша тақады. «Атып өлтірем» деді. Мен «атсаң ат» дедім. Бір қыздар жүгіріп келді де, оны теуіп, қуып жіберді» дейді Петков.

Сюжет Петковты қойып, әрі қарай Украина басшылығының ресейшіл бейбіт демонстрацияны тарату үшін радикалдарды қалай автобустармен алып келгенін, олардың әрекеттерін қалай басқарып отырғанын баяндайды. Киев үкіметіне қарсы шыққандар өздеріне атылған оқтарды да көрсетеді.

Сонда Петхов/Петков кім? Әзірге мұны нақты айту қиын, себебі Ресейді үшінші ірі мемлекеттік телеарнасы әлі бұл туралы сюжет берген жоқ.

(Глен Кейтстің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)
XS
SM
MD
LG