Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 14:02


ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Құжаттың суретіне ұлттық киім киіп түсу керек

Түркіменстанда оқушылар мен студенттердің бірыңғай киім үлгісі енгізілгеніне көп болды. Ал ересектер мен мұғалімдер қауымының киім киісін тәртіпке салуды билік биылдан бастап қана қолға алды. Тіпті құжатқа арналған фотосуретке де ұлттық киім киіп түсу туралы жарлық шықты.

Президент сайлауында дауыс беріп тұрған түркімен қызы. Ашғабат,12 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Президент сайлауында дауыс беріп тұрған түркімен қызы. Ашғабат,12 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +
Ер балалардың формасы - қаракөк түсті костюм, ақ жейде және тақия. Мектеп табалдырығын енді аттаған қаршадай бала киім үлгісіне қойылатын бұл талапты зейнет жасына жеткенше, тіпті одан кейін де бұлжытпай орындауы тиіс.

Оқушы қыздар кесте жағалы, жасыл түсті ұлттық көйлек киюі керек. Ақ фартук пен тақия, қос бұрым - бұлжымас қағида. Егер қос бұрымың болмаса, жасанды бұрым сатып алып, тақияға қадап қою - міндет. Ал техникумда оқитын студент қыздардың көйлегі - көк, жоғары оқу орындарының студенттерінің көйлегі - қызыл. Кестелі жаға, тақия мен бұрым студент қыздар үшін де міндетті шарт.

Мұндай мағынасыз тыйымдардың кейде шектен шығып кетіп жататыны бар.  Ашхабад тұрғыны Меретгелді Амангелдыев:

- Ұлым оқитын институттың ректоры жазғы каникул кезінде екеумізді кабинетіне шақырды. Сөйтсек, 40 градус аптапта шолақ шалбар мен футболка киіп жүрген ұлымды ректор қала ішінен көріп қалыпты. Ректордың «студент адам қалада әлем-жәлем киініп жүре алмайды, үнемі ресми киіммен жүруі тиіс» деген сөзін естіп жағамды ұстадым, -дейді. 

ЕРЕСЕКТЕР КИІМІ

Білім министрлігіне бағынышты мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің жеке істеріндегі фотосуреттерді ауыстыру туралы жарлық түсірген Түркіменстан билігі биыл ересектер қауымының киім үлгісі қандай болатынын анықтап берді. Осы жарлыққа сәйкес, енді әйелдер фотосуретке  ұлттық киім  – жағасы кестеленген қызыл көйлек пен бас киім киіп түсуі тиіс.

Аз ұлт өкілдері үшін ішінара жеңілдік бар. Олар жаулық салып, тақия кимесе де 
Ұлттық киім киген түркімен әйелдері. Ашғабат, 17 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)Ұлттық киім киген түркімен әйелдері. Ашғабат, 17 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Ұлттық киім киген түркімен әйелдері. Ашғабат, 17 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Ұлттық киім киген түркімен әйелдері. Ашғабат, 17 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
болады. Алайда қызметкердің жеке ісінде өңірі кестеленген қызыл көйлек киіп түскен фотосурет болуы шарт. Оқу орындарының шаш ал десе бас алатын кейбір «аса ыждағатты» басшылары, ұлтына қарамастан, өз қызметкерлерінің  фотосуретке ұлттық киім мен тақия киіп түсуін талап етіп жатыр.

Адам құқықтары жөніндегі «Түркімен Хельсинки қоры» басшысы Тәжігүл Бегмедова мұндай асыра сілтеулерді «президент Бердымұхамедовке жағынушылардың жарамсақ әрекеттерінің салдарынан туып отырған кезекті абсурд  істерінің бірі»  деп атады.

Құқық қорғаушы «түркімен азаматтарын ұлттық киім киюге күштеп көндіру – шенеуніктердің  дүниетанымының шектеулілігін көрсетіп, түркімен қоғамын індеттей жайлап алған жағымпаздық пен итаршылықтың нәтижесі» деп біледі.

«ИГІ НЫШАН»

Расталмаған деректерге қарағанда, тағы бір жаңа талап бойынша енді шенеуніктер костюмінің өңіріне өзінің аты-жөні жазылып, лауазымы көрсетілген бейдж 
Ұлттың киім киген бишілер Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Ресей президенті Дмитрий Медведевті қарсы алды. Ашғабат, 22 желтоқсан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)Ұлттың киім киген бишілер Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Ресей президенті Дмитрий Медведевті қарсы алды. Ашғабат, 22 желтоқсан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Ұлттың киім киген бишілер Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Ресей президенті Дмитрий Медведевті қарсы алды. Ашғабат, 22 желтоқсан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Ұлттың киім киген бишілер Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Ресей президенті Дмитрий Медведевті қарсы алды. Ашғабат, 22 желтоқсан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
карточкасын қадап жүруге міндетті көрінеді. Түркімен құқық қорғаушысы Тәжігүл Бегмедова бұл қадамды сәл де болса игі нышанға балайды.

- Белгілі бір мекемеге шаруасымен келген түркімен әдетте кімнің кім екенін ажырата алмай, пұшайман күй кешетін. Себебі ресми қағидаларға сәйкес, жергілікті әкім-қаралар алдына келген адамға өзін таныстыруға міндетті болса да, бұл талапты белден басып, орындамайтын. Табандылық танытқан кейбір адамдарды полициямен қорқытып, күзетшілердің күштеуімен мекемеден шығарып жіберетін, - дейді құқық қорғаушы.

Енді түркімен шенеуніктері халыққа бейдж тағып қызмет көрсететін болса, азаматтар өздерін кім қабылдағанын, сауалдары мен шағым-талаптарына кімнің жауап қайтарып, кімнің қайтармағанын біліп жүретін болады. Тәжігүл Бегмедова «бейдж тағып жүру отандастарының өз құқықтарын сәл де болса қорғауына көмектеседі» деп есептейді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: кенже
03.04.2012 18:11
+0 / -0
Жақсы шаруа екен. Шіркін-ай

Кімнен: Садық Қайдан: Алматы
04.04.2012 00:58
+0 / -0
Түркімен билігінің өресі жетер биігі осы болса қайтесің енді. Кейде осындай қорлыққа төзіп отырған халыққа да қаның қайнайды. Қателеспесем, Ф.Ницшенің сөзі ғой деймін, "Әрбір халық өзінің билеушісіне лайық".

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.04.2012 08:26
+0 / -0
Керемет! Ұлттық нақышын сақтаған елде болашақ бар.
Пікір алмасу

Кімнен: Hasan Қайдан: Astana
04.04.2012 16:44
+0 / -0
Turkimen bauirlarimiz bizge karaganda bakitti eken. Ulttiq naqysh bizdinde qoldanatyn uaqyt qashan keledi eken...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Ұлұттық дәстүрі жоқ ел .
04.04.2012 19:02
+0 / -0
Ұлұттық салт дәстүрін ұстанған елдің мереиі үстем .

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?