Сейсенбі, 21 мамыр 2013, Алматы 19:01


ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Түркіменстанда президент сайлауы өтті

Бұл - түркімен халқы тәуелсіздік алған 20 жылдағы бірнеше кандидат қатысқан екінші сайлау. Ел басқарудан үміткер сегіз адамның арасында қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедов та бар.

Түркіменстандағы президент сайлауында дауыс беруге келген әйел қол қойып жатыр. Ашғабат, 12 ақпан, 2012 жыл.
Түркіменстандағы президент сайлауында дауыс беруге келген әйел қол қойып жатыр. Ашғабат, 12 ақпан, 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Түркіменстан орталық сайлау комиссиясының 12 ақпан күнгі кешкі деректері бойынша, сайлаушылардың 80 пайызы дауыс беруге қатысқан.

Сайлаушының 50 пайыздан көбінің қолдауына ие болған кандидат жеңіске жетеді.

Ел конституциясына сәйкес, президент 5 жыл мерзімге сайланады.

Сайлау барысында түркіменстандық және ТМД елдерінен келген 2 мыңдай бақылаушы мониторинг жүргізді.

ТАҚҚА «ТАЛАСҚАН» ПАРТИЯЛАСТАР

Президенттік қызметінің бес жылдық мерзімін тауысқан Бердімұхамедов бұл жолы 
Түркіменстанның сол кездегі президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) және қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.Түркіменстанның сол кездегі президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) және қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
x
Түркіменстанның сол кездегі президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) және қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Түркіменстанның сол кездегі президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) және қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
жұртқа аса таныс емес жеті кандидатпен бірге сайлауға түсті.

Бұл жолғы кандидаттардың да көбі – елдегі жалғыз партияның – Түркіменстан демократиялық партиясының мүшелері. Энергияға бай, 5 миллион халқы бар, еркін демократиялық сайлау өткізіп көрмеген шағын ел үшін бұл – қалыпты құбылыс.

Осының өзі-ақ «сайлау шартты түрде ғана өткелі жатыр» деген пікірге тамызық болған еді.


САЙЛАУҒА ҚАТЫСҚАН СЕГІЗ КАНДИДАТ

Гурбангулы Бердімұхамедов – 55 жаста, бұрынғы тіс дәрігері. Қызметке кіріскен соң ол бұрынғы президенттің бірнеше жарлығын түгелдей өзгертіп, ауылдағы ауруханаларды қайта ашты, интернеттің таралуына жол ашты. Біраз уақыты Түркіменбашының культын қиратуға кетті. Алайда жеме-жемге келгенде ол да өзінің жеке авторитарлы саясатын таңып, өзінің жеке басына табындыруды қолға алды. 2010 жылы өткен әскери парадта оған «Арқадағ» деген атақ берілді.

Ярмухаммед Оразгулиев – энергетика және индустрия министрі. Ол «тұрмыс деңгейі мен жалақыны көтеремін, әлеуметтік жәрдемдерді қамтамасыз етуді қорғаймын» деген популистік платформа  ұсынды. «Ауыл шаруашылығы, мұнай және газ саласын дамытуға қабілетті тәжірбиелі де мықты менджер» ретінде мақталады.

Аннагелді Язмурадов – су ресурстарын реттеу министрі. Ол сайлау қарсаңында «елдің бәрі таза ауыз су ішуі керек» деген ұран айтты. Бердімұхамедовтің зор жетістіктерін айтып, президентті біраз мақтады.

Реджеп Базаров –  Дашогуз уәлаяты әкімінің орынбасары. Оны кандидаттыққа фермерлер ұсынған. Базаров «демократияны түркімен қағидаларына негіздеп дамытамын»,  «аймақтағы су ресурстарына қатысты мәселені шешіп, ауыл шаруашылығын гүлдендіремін» деген жоспарын айтқан.

Какагелді Абдиллаев – мемлекеттік «Түркіменгаз» газ компаниясының Маригаз басқармасын басқарады. Ол «газ экспорты деңгейін арттырамын» деп уәде берді.
Түркіменстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси сферадағы жеткен жетістіктері – Бердімұхамедовтің арқасы.

Есендурды Гайыбов – Түркіменстанның шығысындағы Лебап уәлаятындағы құрылыс компаниясының басшысы. Ол «Түркіменстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси сферадағы жеткен жетістіктері – Бердімұхамедовтің арқасы» деген сөздің авторы.

Гурбанмаммет Молланиязов – мемлекеттік «Түркменбейт» компаниясына қарасты, мұнай мен газ саласындағы жөндеу жұмыстарымен айналысатын «Небитгазабатлаис» компаниясының директоры. Ол «қазіргі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жалғастыруға, экономиканы нығайтуға, елдің болашақта өркендеуіне» міндеттеме алды.

Сапармұрат Батыров – Ахал уәлаятындағы мақта фабрикасын басқарады. Ол «Түркменстанның бейтараптық саясаты – әлемдік қауымдастық таң қалатын тамаша модель» дейді. Елдегі энергетика мен отын, ауылшарушылығы мен мата, көлік және туризм өндірісінде жұмыс істеген.

«БӘРІНЕ БІРДЕЙ МҮМКІНДІК»

Түркіменстан сайлау комиссиясының басшылары «сайлауды отандық және шетелдік 60-тан аса бақылаушы ұйымдар қадағалайды» деп хабарлаған еді.

Бірақ ЕҚЫҰ Адам құқықтары мен демократия институты қаңтар айында «Түркіменстандағы сайлауды бақылауға мамандар жібермейміз» деп мәлімдеді. Ұйым 
Түркіменстандағы сайлау кампаниясы. 27 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)Түркіменстандағы сайлау кампаниясы. 27 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Түркіменстандағы сайлау кампаниясы. 27 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Түркіменстандағы сайлау кампаниясы. 27 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
​сайлауды бақылау туралы Түркіменстан үкіметінен арнайы шақырту алмағандарын айтқан.

ЕҚЫҰ сонда да Ашғабатқа санаулы ғана бақылаушыларын жіберді. Түркіменстандық ақпарат құралдары шетелдік өкілдердің «орталық сайлау комиссиясының басшыларымен кездескенде сайлау реформаларымен, елдегі демократияны күшейту үшін жасалып жатқан шаралардың бәрімен танысқанын» хабарлады.

Ал ТМД елдерінен барған бақылаушылар комиссиясы Түркіменстандағы сайлауға дайындық шараларын «барлық кандидаттарға бірдей мүмкіндіктер бергені үшін» мақтаған еді.

«ТАҢДАУЛЫ» КЕЗДЕСУЛЕР

Түркіменстанның мемлекетке қарасты телеарналары барлық кандидаттарға эфирден уақыт берді. Алайда бәсекелестер арасында ешқандай да сөз таласы болған жоқ.

Бердімұхамедовпен бәсекеге түскен жеті кандидат сайлаушылармен кездесу үшін облыстарға барып қайтты. Кездесулер жалпы жұрттан жабық өтті. Жиналыстарға қоғамдық секторлардан сұрыпталып алынған, жақсы киінген жұмысшылар мен студенттер ғана қатысты.

Ал Бердімұхамедовтің сайлау науқаны ақпарат құралдарында баса насихатталып, көбірек көрсетілді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.02.2012 14:53
+0 / -0
ееее бұл "арқадақтың" да өз "мелс қасымов ахметбековтары" бар екен....

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
12.02.2012 18:09
+0 / -0
Ойбай-ау, сағат 18-04 болды әлі қорытындысы жоқ па Түркменстандағы сайлаудың? Дегенде шабан қимылдайды екен-ау елтірібөріктілер. Ал бізде Астана уақытымен сағат 16-45---17-00-де "бір адам 91,5 пайыз дауыс алып "жеке" кетті, басқаларды шаңға тастап" деп сайрап жатар еді теледидарда. Жоқ әлде оларда сәл-пәл да болса ұят барлар қалып, біздерде тек қана ұятсыздар отырғаны ма "дауыс санап"?

Осы жағын түсіндіріп жіберетіндер бар ма екен арада?

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
12.02.2012 22:12
+0 / -0
Cайлауға қатысқан кандидаттарға үзақ ғұмыр тілеймін! Бір кісінің дара билігіне негізделген жүйеде президент болуды көксеген адамның өмірі қысқарып қалуы әбден мүмкін. Түрікпендер түрік жұрты санатында бізге әрі туысқан, әрі жақын көрші халық. Сондықтан оларға бай ба қуатты тіршілік пен ынтымақ, береке тілейміз!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.02.2012 18:53
+0 / -0
Масқара Тұркімендер Қазақтардан озып кетіпті ғой,қой қайтадан сайлау өткізіп Тұркімендерді қуып басып озу керек,Оян нұр отар

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?