Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:03

ӘЛЕМ

Украинадағы президент сайлауында Янукович жеңіске жеткенін мәлімдеді

Украинада президент сайлауының екінші кезеңінде дауыс беру аяқталған соң, додаға түскен екеудің бірі - мәскеушіл оппозиция жетекшісі Виктор Янукович өзінің жеңіске жеткендігін мәлімдеді. Оның бақталасы, елдің премьер-министрі Юлия Тимошенко да оңайлықпен берілмейтіндігін айтып отыр.

Оппозициялық үміткер Виктор Янукович журналистердің сұрақтарына жауап беруде. Киев, 7 ақпан 2010 жыл.
x
Оппозициялық үміткер Виктор Янукович журналистердің сұрақтарына жауап беруде. Киев, 7 ақпан 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +
Виктор Янукович 2004 жылғы Қызғылт-сары төңкерісінде ең негізгі айыпкер болған еді. Сол кезде бұрмаланған президент сайлауында Януковичтің жеңісіне наразылық таныту үшін жүздеген мың адам көшелерге шығып, жаппай шерулерін өткізген болатын. Нәтижесінде сол жылғы сайлау қорытындысы жоққа шығарылды.

Алайда Қызғылт-сары төңкерістің көсемдері арасында 5 жылға жалғасқан дау-жанжалдардан кейін бұрынғы коммунист шенеунігі жеңіске қол жеткізгеніне нық сенімді.

Ақпанның 7-күні өткен сайлаудың екінші кезеңіндегі дауыстардың 90 пайыздан көбі саналған соң, елдің Орталық сайлау комиссиясы Виктор Януковичтің 48.49 пайыз дауыс жинағанын, ал Қызғылт-сары төңкерісінің көсемдерінің бірі Юлия Тимошенконың 45.89 пайыз дауысқа қол жеткізгендігін хабарлады.

Киевтегі Intercontinental қонақ үйінде сөйлеген сөзінде Виктор Янукович өз жеңісін жариялап, Украина халқын құттықтады.

«Біз елді біріктіру бағытында алғашқы қадам жасадық деп сенемін. Бұл маңызды және мен үшін қажет», - деді Янукович.

Бұл мәлімдемесін Янукович украин тілінде емес, орыс тілінде жасады.

2004 жылы онша танымал болмаған Виктор Януковичті сол кездегі Украина президенті Леонид Кучма өзінің мұрагері етіп қалдырғысы келген еді. Кучманың таңдауын Мәскеу ашық түрде қолдады.

Содан бері 59 жастағы Виктор Янукович өзін орталықшыл тұлға етіп көрсетуге тырысып, мәлімдемелерінің басым бөлігін украин тілінде жасауға көшті.

Жексенбі күні түнде орыс тілінде мәлімдеме жасау арқылы Янукович Украинаның шығысындағы орыс тілді аймақтардағы өзінің негізгі қолдаушыларына алғыс білдіргендей болды. Бұл аймақтардағы халық Ресеймен байланыстардың нығайтылуын қалайды.

Алайда Украинаның батысындағы сайлаушыларға Януковичтің орыс тілінде мәлімдеме жасауы ұнамады. Бұл аймақтағы халықтың басым бөлігі Украинаның Еуропа Одағына мүше болуын қалайды. Олар орыс тілінде сөйлегісі келмейді.

Виктор Янукович сондай-ақ өзінің осы сайлаудағы бақталасы Юлия Тимошенконы премьер-министр қызметінен кетуге шақырды, бірақ Тимошенко өзін жеңілдім деп мойындамай, дауыстар айырмашылығы тым аз деп атап көрсетті.

Юлия Тимошенко сайлауға қатысып өзін жақтап дауыс берген адамдарды әрбір сайлау бюллетені үшін күресуге шақырды.

«Адамдардың көбі еуропалық, демократиялық, мықты Украина үшін дауыс берді деп сенемін», - деді Юлия Тимошенко.

Сайлау алды науқаны барысында екі үміткер бір-бірін айыптаған болатын. Янукович Тимошенконы «өтірікші» деп атаса, Тимошенко егер Янукович жеңіске жетсе, билікке қылмыскерлер келеді деп мәлімдеді. Екі үміткер де бір-бірін сайлауды бұрмаламақшы деп айыптады.

Украина халқы қазір экономикалық дағдарыстың салдарын басынан өткеріп жатыр. Бұл жолғы президент сайлауының жеңімпазы өткен жылы 16.4 миллиард доллар көмек қаржысын тұмшалаған халықаралық валюта қорымен келіссөздерді қайта бастауы тиіс.

Украиналықтар қазір Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушыларының елдегі сайлауға байланысты шешімін күтіп отыр. Олар бұл ұйымның баяндамасы жеңімпазды жариялау үдерісін тездетеді деп сенеді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
08.02.2010 18:05
+0 / -0
48 де 45 пайз даустың еш айрмашылығы жоқ. Кемінде біреуі 90 пайыз болмаса да 10 пайз алға шығуы керек қой. Дегенмен Украиндар есті халық екен 98 пайз жасамаған. Мен жеке басым орысшыл Януковичтің билікке келгеніне қарсы болып отырмын. Өйткені Украин билігінің қайтадан орысша сөйлуі, үлгі алғыш қазақ үкіметі мен парламентінде де орыс тілінің үстемдік қуатын арттырып, орысқа және оның зорлықшыл тіліне деген сенімін одан сайын нығайта түседі.
Пікір алмасу

Кімнен: Qazaq
09.02.2010 00:14
+0 / -0
Ukrayin Tili' Yushenko kezinde tulep edi,endi qaytadan Oris Tili' oz' qaxarin korsetetin boldi ghoy!

Кімнен: Атыраудан
08.02.2010 18:21
+0 / -0
Путин мен Медведьевті Назарбаев пен Лукашенкодай "сүйетін" Янукович та келді ме? Ресей,Қазақстан,Беларусь билігі қуануда десеңізші......

Кімнен: bokky Қайдан: hetay pekyn
08.02.2010 18:50
+0 / -0
тым байянды жеңыс емес екен, біздың Нұрекеңдей 98% ке ешкім апара алмас ...құттықтаймыз !
Пікір алмасу

Кімнен: sera Қайдан: Алматы
09.02.2010 04:04
+0 / -0
98 емес, 91. Өзің Қытайда тұрсаң да, "біздің Нұрекең" дейді екенсің ғой. Ендеше, айттың екен, онда: "Біздің құрметті Нұрекең" деп сөйле. Ұят болады.

Украина сияқты 50 млн халқы бар алып ел үшін 48/45, яғни үш пайыз - ол үлкен айырма. Украина халқы өз таңдауын жасады. Оның таңдауын сыйлауымыз және құттықтап қоюымыз керек.

Украина халқына алғысым шексіз. 1991-жылы Беловеж тоғайында Кеңестер одағын таратып жібергені үшін. 15 республикаға тәуелсіздік алып бергені үшін. Украина болмаса, бізге тәуелсіздіктің аулы жоқ еді. Сосын 400 жыл бойы Ресеймен қарсыласып, текетіресіп келе жатқаны үшін. Демократияға талпынып, Еуропаға қарай бет алғаны үшін.

Әттең, 1931-32-нің аштығында 7 млн-ы аштан қырылып қалмағанда, Украиндердің саны да Орыстармен тең болар еді қазір.

Атыраудан-ға айтарым. Ющенко, қате таңдау болса, ештеңе етпес, Украина халқы енді 5 жылдан соң басқа Президент сайлап алады. Ал біздің 2030-жылға дейін ондай мүмкіндігіміз жоқ.

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Көкшетау
08.02.2010 20:41
+0 / -0
Ющенконың екінші мерзімге қайта сайлануын тілеп едім
Янукович украин халқына опа бере қоймас

Кімнен: Атыраудан
Путин мен Медведьевті Назарбаев пен Лукашенкодай "сүйетін" Янукович та келді ме? Ресей,Қазақстан,Беларусь билігі қуануда десеңізші......

Дұрыс айтасыз, олар қуануда қазір

Кімнен: Арман Қайдан: ерентау
09.02.2010 00:05
+0 / -0
Азғындардың жолы бір болады, екі болады, бірақ ақыры бір сүрінеді. Сүрінгенде де оңбай сүрінеді! Құдай сондай күнге жеткізсін. жеңіс жолы қыңыр деген сол! Қазақты Нанің залым да жемқор үстемдігінен құтқара көр, ей ұлы Тәңірім!!

Кімнен: Тұрар Рысқұл Қайдан: Ақтау
09.02.2010 04:03
+0 / -0
Әділ сайлау Ющенконың арқасында өтті! Енді келесі сайлауда янукович 98 пайыз дауыс жинайтын болады,көр де тұр.

Кімнен: Арман Қайдан: алматы
09.02.2010 10:02
+0 / -0
Мен ен басында Ющенко мен Тимощенконын жениске жеткенине куанып едим. Бирак казир сол демократтардын елге ешкандай жаксылык акелмегенин, керисинше Украина экономикасы Ющенко баскарган жылдары катты кулдырап кетти. Елди саяси тураксыздык орын алды. Демократ Ющенкодан коммунист Кучма елди жаксы баскарды. Кучманын кезинде Украина экономика жагынан ресейден кейинги екинши орында болган. КАзир ше???