Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:03

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Елші: Қазақстанда «Араб көктемі» жоқ

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов Азат Еуропа/Азаттық Радиосының Вашингтондағы тілшісіне сұқбат беріп, Жаңаөзен оқиғасына қатысты ой-пікірлерін айтты. Ерлан Ыдырысов төтенше оқиға кезінде Қазақстан үкіметі әлем алдында бұрын-соңды болмаған деңгейде ашық, әрі әділ түрде әрекет етті деп санайды. Оның ойынша, мұндай ашықтықты тіпті «Қазақстанның жаулары да жоққа шығармайды».

Ерлан Ыдырысов, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі. Ресми вебсайттан алынған сурет.
Мәтін көлемі - +

- Жаңаөзендегі толқу мен оған қатысты полицияның қолданған шараларын тексеру және тәртіпсіздікті кімдердің ұйымдастырғанын анықтау туралы талап-тілектерге Қазақстан үкіметінің жауап қатқанын білеміз. Бірақ, мен әуелі YouTube әлеуметтік желісіне шыққан видеоларға қатысты сұрақ қояйын деп едім. Үкімет бұл видеоларды оқиғаның себебін тексеру кезінде дәлел ретінде қарастырады ма?

- Үкімет Жаңаөзенде болған оқиғаның себебін тексеру үшін барлық материалдарды қарастырмақшы. Ұялы телефондарға түсірілген әуесқой видеолар да осы материалдардың бір бөлігі болуы мүмкін. Біздің естуімізше, Қазақстан үкіметі болған жағдайды жан-жақты, әділ және ашық түрде тексеруге мүдделі. Одан да бөлек бейнематериалдар бар екенін білеміз. Солардың барлығын үкімет мұқият түрде тексеріп шықпақшы.

- Полиция болған оқиғаны өз тарапынан да бейнетаспаға түсірдік деп мәлімдеген еді. Бұл видео қашан көпшілікке жария болады?

- Бұл полиция ғана жауап бере алатын сұрақ. Менің тұспалдауымша, жан-жақты тексеру жасалғасын құқық қорғау органдары не болғанын көрсететін барлық куәлік материалдарын жарияламақ. Олар өздерінің уәждеріне дәлел тапса, іс әлдеқайда әсерлірек болмақ.

- Әлеуметтік желілерде жергілікті полиция Жаңаөзен тұрғындарының ұялы телефондарын 16 желтоқсан күнгі оқиғаның видеосы жазылған болуы мүмкін деген желеумен тартып алып жатыр деген хабар тарады. Бұған қатысты не айтар едіңіз?

- Мен ондайды естімеппін.

«ҮКІМЕТ ҚОБАЛЖЫП ОТЫРҒАН ЖОҚ»

- Жаңаөзендегі оқиғаны тексеру комиссиялары туралы сұрасам. Бұл комиссиялардың құрамына кімдер кірген және олар нақты немен айналысып жатыр?

- Үкіметтік комиссияның құрамына құқық қорғау органдары, төтенше жағдай мамандары мен экономикалық сала өкілдері кіреді... Комиссия халықтың өз-өзіне деген сенімін күшейтуге тырысып жатыр. Ол үшін жергілікті сыйлы адамдар комиссия құрамына кіргізілген. Үкіметтік комиссияның мақсаты – не болғанын анықтау және алдағы уақытта ахуалды жақсарту.

- Бұл комиссияның құрамында оппозиция өкілдері бар ма?

- Оппозиция бұл комиссияға кірмейді. Өйткен бұл – үкіметтік құрылым. Ал оппозиция өкілдері үкімет мүшелері емес қой. Біздің білетініміз – оппозиция өз бетінше тәуелсіз, қоғамдық комиссия құрған. Олар емін-еркін аймаққа барып, халықпен кездесе алады... Ал оппозицияның пікіріне үкіметтің құлағы әрдайым түрік.
Үкімет өзіне-өзі өте сенімді. Біз Қазақстандағы жағдайды «Араб көктемімен» салыстыруға үзілді-кесілді қарсымыз.

- Ал үкіметтік емес ұйымдар ше? Олардың Жаңаөзен оқиғасын тексеруіне рұқсат бар ма?

- Үкіметтік емес ұйымдар да болған жағдайды емін-еркін түрде тексере алады. Оппозиция туралы айтқаным үкіметтік емес ұйымдарға да қатысты.

- Қазақстан үкіметінде Жаңаөзендегі жағдай Қазақстанның басқа аймақтарында қайталануы мүмкін деген қобалжу бар ма?

- Өмірде әртүрлі күтпеген жағдайлар болады. Қазақстан үкіметі бұл мәселені жан-жақты қарастырып шешетін тәсіл таңдап отыр... Ешкім Жаңаөзенде мұндай жағдай болады деп ойлаған жоқ. Мұндай жағдай туғасын үкімет екі білегін сыбанып мәселені шешуге кірісті. Бірақ, бұл сөздерім Қазақстан үкіметінде тағы қандай да бір толқу болады-ау деген қорқыныш бар деп қабылданбауы керек. Керісінше, үкімет өзіне-өзі өте сенімді. Біз Қазақстандағы жағдайды «Араб көктемімен» салыстыруға үзілді-кесілді қарсымыз... Тексеріліп жатқан бір мәселе – Жаңаөзендегі толқуды ұйымдастыруы мүмкін арандатушылардың бар-жоғы.  

«ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІНІҢ ЖАУЫ КӨП»

- Жаңаөзенде полиция қолына түскен наразылық танытушыларды ұрып-соғып, азаптады және қорлады деп санайтын адамдардан шағым түсіп жатыр. Тексеру кезінде үкімет мұндай шағымдарды қаншалықты ескереді?

- Біз мұндай шағымдарды барынша ескереміз. Кеше (30 желтоқсан 2011 жыл – ред.) жарияланған маңызды хабарды естімеген болуыңыз да мүмкін. Қазақстан үкіметі Халықаралық түрме реформасы ұйымының өкілдеріне және тәуелсіз қоғамдық комиссия мүшелеріне Жаңаөзендегі толқуға қатысқан деп айыпталатын адамдар отырған қамау орындарына баруға жағдай жасады. Азаптау туралы бір де бір шағым дәлелденбеді. Олар мұны өз көздерімен көріп, есептерін жариялады. Шетелдіктер Жаңаөзен оқиғасы кезінде Қазақстанға қатысты ескі стереотиптерге ұрынды. Қазақстан советтік әдетпен қимылдайды деп ойлады. Барлық жолдарды жабады, бұрмаланған ақпарат береді деп, былайша айтқанда шетелдіктер асыра сілтеп жіберді... [Жаңаөзен оқиғасы кезінде] Қазақстан үкіметі көрсеткен ашықтықты, ынтымақтастық пен әділдікті тіпті жаулары да жоққа шығара алмайды!
Жаңаөзенде жүздеген, мыңдаған адамдарды қамады, ұрып-соқты, азаптады деген әңгімелер үкіметке дақ түсіру үшін ойдан шығарылған.

Біздің қылмыстық атқару жүйесіндегі қамау мекемелері керемет деп айта алмаймыз. Жақсарта түсуді қажет етеді. Бірақ, дәл Жаңаөзенде жүздеген, мыңдаған адамдарды қамады, ұрып-соқты, азаптады деген әңгімелер үкіметке дақ түсіру үшін ойдан шығарылған. Жаңағы Халықаралық түрме реформасы ұйымының өкілдері қамауға алынғандардың тіпті денесінде көгерген жерлері жоқ па деп тексеріп шықты, өздерімен тілдесті. Сондықтан азаптау туралы алып-қашпа әңгіме тарату сондай сөз таратып жүрген адамдардың ар-ұятының мәселесі деп санаймыз.

- Мұндай «алып-қашпа әңгімелерді» кім және нендей мақсатпен таратуы мүмкін?

- Кім болуы мүмкін екенін білмеймін. Бірақ, Қазақстан соңғы 20 жыл ішінде өзі туралы сыртқа қате ақпарат таратушыларға қатысты біраз тәжірибе жинады. Кейбіреулер байқамай жасайды, ал кейбіреулер мақсатты түрде істейді. Қазақстанның жеткен табысын ұнатпайтындар көп. Қазақстанның, Қазақстан үкіметінің жаулары көп. Бірақ, біздің сеніміміз күшті, жоспарымыз анық, оны жүзеге асыруға барынша ынталымыз.

«ШЫЛҒИ ӨТІРІК»

- Тағы бір сұрақ. Қазақстан үкіметі Жаңаөзен оқиғалары кезінде қамауға алынғандардың тағдыры туралы туыстарына ақпарат беру үшін, олардың жақындарымен кездесуі үшін не істеп жатыр?

- Бұл да жаңа айтқан алып-қашпа сөздерден туатын әңгіме. Туыстары ГУЛАГ кезіндегідей қамауға алынғандардың қайда екенін білмейді-міс, адамдарды түнде үйлерінен ұрлап әкетіп жатыр-мыс, туыстары олардың тағдырынан бейхабар-мыс. Мұның бәрі өтірік әңгіме. Біз бұрын-соңды болмаған ашықтық көрсеткесін қазір мұндай әңгімелер көп айтылмай қалды.

- Біз сұқбат алған жаңаөзендік қыз бала (Әсем Кенжебаева – ред.) өзінің қорлық көргенін баяндады. Кейін қайтып қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратына барған кезде бірнеше күн бұрын адамдарды ұрып-соққан жерлерді тазалап, жуып-шайып қойғанын көргенін айтты. Бұлай болуы мүмкін бе?

- Ол қыздың айтқанына қатысты пікір білдіре алмаймын. Бірақ, басқа бір әйел туралы мысал айтып берейін. Жаңаөзендік тағы бір әйел көптеген БАҚ-қа жүздеген адамдардың өлгенін көрдім деп ақпарат берген. Туған келіні орталық алаңда жиырмадан астам адамның көзін өз қолымен жапты деп хабарлаған. Полиция бұл екі әйелді тауып, сұрауға алғанда олардың шын көргендері мүлдем басқаша болып шыққан. Келіні шылғи өтірік айтқан болып шықты. Алаңда үш адамның өлгенін көрген болуы керек... Олардың неге өтірік айтып жүргендерін білмеймін. Мүмкін өздеріне назар аударғылары келетін шығар.
Қазақстан үкіметінің бұрын-соңды болмаған ашықтығын дәлелдейтін тағы бір әрекеті блогерлерді шақырғаны болды.

- Қалаға келген қоғамдық белсенділермен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездескен кейбір жаңаөзендіктер жергілікті билік тарапынан қысымға ұшырағанын мәлімдеген. Бұған қатысты не айтасыз?

- Сізді [бұл жайында білу үшін] блогерлермен кездесуге шақырар едім. Қазақстан үкіметінің бұрын-соңды болмаған ашықтығын дәлелдейтін тағы бір әрекеті блогерлерді шақырғаны болды. Сіз осылай жасай алатын басқа қандай да бір үкіметті тауып беріңізші маған. Блогерлер тобы осы аймаққа барып, қалаған адамдарымен еркін әңгімелесті. Сондықтан бұл сауалды соларға қойыңыз. Жан-жақты жауап аласыз.

- Жаңаөзенде болған қанды оқиғаны анық бейнелейтін ең алғашқы видеоны YouTube әлеуметтік желісіне Saule540 есімді қолданушының жүктегені белгілі. Кейін полиция бұл видеоны қай үйден, қай пәтерден түсіргенін анықтадық деп хабарлады. Пәтердің бос тұрғаны, тұрғындарының табылмағаны айтылды. Бұл видеоны кім түсіргені белгілі болды ма, билік өкілдері түсірген адамды тауып па, ол туралы нақты бір мәлімет бар ма?

- Білмедім, білмедім. Мен полицияның видеоны түсірген пәтерді тауып алғанын сізден естіп отырмын.

АСЫРА СІЛТЕП БАҒАЛАУ

- Жаңаөзенге қатысты халықаралық қауымдастықтың реакциясын қалай бағалар едіңіз?

- Менің ойымша, адам бостандықтары мен адам құқықтарын қорғау ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар тым асыра сілтеп жіберді. Олар Қазақстан үкіметінің әрекеті туралы ойдан шығарылған әңгімелерді іліп әкетті. Ресми реакцияларға келер болсақ, әлдеқайда тепе-теңдік сақтаған, ұстамды және Қазақстан үкіметінің шынайылығын мойындаған сипатта. АҚШ үкіметінің алғашқы мәлімдемесін көрген боларсыз – өте байсалды, Қазақстан үкіметі көтерген мәселелермен үндес, «адам өлімінің болғанына қатты қынжыламыз», «зорлық-зомбылыққа барынша қарсымыз», «әділ тергеу-тексеруге шақырамыз» деген сияқты. Біздің өзіміз де не болғанын барынша дәл анықтағымыз келіп отыр. Бұл жағдайды тудыруға себеп болғандарға қатысты әділ жаза қолданылуы керек.

Мен АҚШ-тың ресми адамдарымен кездестім. Көпшілігі Қазақстан үкіметінің Жаңаөзен оқиғасы кезінде советтік мінез танытпағанына қайран қалып, разы болысты. Әлбетте, олар бізді осы жолдан таймай, әділ түрде тергеу жүргізіп, жетер жеріне жеткізуді сұрап жатты. Біз де мұны барынша қолдаймыз.

- Қаңтардың 5-і Жаңаөзенде төтенше жағдай аяқталуы тиіс? Ары қарай не болмақ? Күштік құрылымдар қала бере ме?

- Жаңаөзен төтенше оқиға болған жерге айналғандықтан полиция мен өзге де күштер сақтық жағдайында тұрады деп ойлаймын. «Аузы күйген үріп ішеді» деген сөз бар ғой. Ал төтенше жағдайдың аяқталуы өмірдің қалыпты арнаға түскенін білдірмек.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
03.01.2012 18:28
+0 / -0
Ия, азғындар, "бізде бәрі жақсы!" деп отыра беріңдер, былшиған беттерің былш етпей өтірікті судай сапырылыстырып! Видеолардан бәрі де алақанға салынғандай көрініп тұрғанның өзін жоққа шығарып отырған неткен арсыз едің?!
Пікір алмасу

Кімнен: куәгер Қайдан: Қазақстан
03.01.2012 21:06
+0 / -0
дәл осы Ерлан Ыдырысов Қазақстанның сыртқы iстер министрi болып жұмыс істеген кезде парламентке келіп, Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы» заңынан қазақстандық дипломаттың мемлекеттiк, яғни қазақ тiлiн бiлуiн талап ететiн бапты алдыртып тастағаны есімізде. Біріншіден, ол өзі қазақ тілінен мақұрым, екіншіден, тәуелсіз Қазақстанның дипломаттық корпусы совет өкіметі кезінде жоғары билікте болған және соған құда-жекжаттардың балалары. Олар шетінен кілең мәңгүрт, қазақтық қалпын баяғыда жоғалтқан, түп-тамырдан біржолата қол үзген, тіпті, оны айтасыз, қазақ десе аза бойы қаза тұратын, қазақты иттің етінен жек көретіндер. Бұлардың бәрі өздерін Қазақстанда уақытша қонақ ретінде сезінетіндер, сол себепті Ресей азаматтығын алып, заңды бұзып екі паспорт жасатып қойғандар (бұған дәлелдер өте көп, оны тіпті, қазір Жаңаөзен туралы тілін төменгі тесіктеріне тығындап үнсіз отырған қазақстандық билікке жақын газеттер де жазған).

Ал қазақтың мүддесін алға қоятындарды жау көріп, өлердей өштеседі, сол себепті кезінде кәсіби дипломат Болатхан Тайжан, Сайлау Батыршаұлы сияқты саусақпен санарлық жаны да, жүрегі де қазақ деп соғатындарды сиғызбай, мемлекеттік қызметтен шеттеткен бұл сұмпайылар.

Осының бәрін солай істеткізіп қойған - ең жоғарыдағы адамның айтқаны ғана заң оларға, соның сөзін екі еткізбей орындауға дайын құлдар бұлар, ал қазақтың қаны бұлар үшін түкке тұрмайтынын осы сөздерінен де байқауға болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Каланын азабы!!!
05.01.2012 15:42
+0 / -0
Азғындар деп құр сөзбен балағаттамаңыз! Соншалықты керім болсаңыз неге сол азғындардың орнына келіп сол мәселелерді шешпеске???!!! Бос сөзбен бұлбұлша сайраған Патриоттыққа жатпайды!!! Жай ғана айналаңыздағы адамдардың сөзіне ілесіп, өз МЕНіңіз жоқтай даттай бермеңіз! Үкімет те, қоғамда барлығын көріп, саралап жатыр! Қылмыскерлер жазасын алатын болады!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 18:05
+0 / -0
Біз шетелге еліктемей, бірлігіміз бен ынтымағымызды сақтауымыз керек! ереуіл, көтерілістен бітін аулақ қылсын! халықтың арасына жік салатын арампиғылды азаматтардан сақтанайық!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.01.2012 18:37
+0 / -0
Мына кісінің айтуынша бүкіл дүние жүзі, бүкіл Қазақстан, Бүкіл Жаңаөзен, бәріміз, бәріміз қателесіп жалған ақпаратқа сеніп, өтірік видео көріп, алданып жүріппіз ғой. Қазақстан үкіметінен кешірім сұрасақ болады екен. Бәрі керісінше болыпты емес пе. Ешкім өлмепті. Билік судан ақ, сүттен таза болып, адамзатты қайран қалдырыпты. Бәрі халықтың кемшілігі екен. Билік барынша әділ, барынша сыпайы, барынша адамгершілікті болып, ақпаратты, жолды жаппай, ешкімге тиіспепті. бірде бірі шағым түспепті. Жаңаөзендіктер өздері өтірік айтып, біз шатасып жүріппіз. Еліміздің мұндай жақсы билігіне рахмет айту керек екен. Жаздым, жаңылдым, енді құлдарың бұлай жамандыққа бармайды деп жаңаөзендіктер жалынса болады екен. Қап, өтіріктерге сеніп қалғанымызды қарашы, Анау видеолар, анау зар еңірегендер шетінен өтірік дүниелер екен. Бәрі дұрыс болыпты. Дұрыс бола беретін көрінеді! Не деген керемет түсіндіру!!!

Кімнен: Бір Жан.
03.01.2012 18:56
+0 / -0
осындайларды оқығанда хакер болып кеткім келеді. Сосын сайтты бұзып кіріп, жеті атасына дейін сыбап боқтасам, әке-шеше ешкімім қалдырмай. Қазір жазып жібергенмен модератор өткізбейді.((((((((

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Жанаозен
03.01.2012 18:59
+1 / -0
Ыдырысов мырза, биринши озенге келип караныз, кориниз. Сосын интервью бериниз. Сиз де ту Америкада отырып алып укиметтин айткан отиригин айтып отырсыныз гой. Кудайдан коркыныз. Почему Вы не сказали что туда в Жанаозен не пускает независимых комиссию, оппозиционную комиссию. Сиздин де уятыныз жок екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Бүркіт
03.01.2012 19:51
+0 / -0
Мынау обал-сауапты білмейтін қандай қарғыс атқыр.

Кімнен: Маңғыстаулық
03.01.2012 19:28
+0 / -0
Ой алла-ай, мына хаюандарға тіпті сөз жоқ екен ғой. Мына мен осы анық өзім бе - мыналардың сөзінен кейін тіпті өзіміздің ақыл-есіміздің дұрыстығына күмәнданғандай екенбіз. Күн сайын Жағаөзенмен телефонмен хабарласып отырған, көптеген адамдармен сөйлесіп отырған біздің өзімізді бұлайша алдағанда Қазақстанның басқа жұртына ренжуіміз тіпті де орынсыз екен - олар енді біраз уақыттан кейін Жаңаөзендіктер өздерін өздері автоматпен атқылап қырылып қалған десе, оны олай емес деп дәлелдеу мүмкін еместей екен.
Жігіттер, біздің алдымызда тек жәй жау ғана емес, ібілістің өзін он орап кететін аса қатерлі жау тұр! Мықты болыңдар, ешбір айғақ зат жоғалып кетпесін, бұлардың қылмысын әшкерелейтін фактілердің екінші көшірмелерін сақтап қоюды ұмытпаңдар, үкімет комиссиясы шындықты ашу үшін емес, қылмыстарының ізін жасырумен ғана айналысып жүргенін түсініп отырған боларсыздар.
Пікір алмасу

Кімнен: Рахым Қайдан: Арал
03.01.2012 19:55
+0 / -0
бұларға сөз жоқ екен, кілең бәрі бір бірінен аумайды,шамасы биліктегілердің бәрі бір біріне туысқандар ау дим
Пікір алмасу

Кімнен: Адамзат баласы Қайдан: Актобе
03.01.2012 20:10
+0 / -0
Осы әрбір мақала жазған сайын барлығы үйлерінде отырып алып пікір жазуға мықты, және өздерінше барлығы ақылды. Неге сол елбасыны немесе үкіметті жамандап отырғандар жан-жақты ойланбайды, неге таразыға салмайды барлығын. қазіргі уақытта Елбасы қолдаған үкіметіміз жұмыс жасап отыр ал оппозиция тек бақылап отыр. Ал жұмыс жасаған адам қай уақытта да қателесуі мүмкін, тек жұмыс жасамаған адам ғана қателеспейді. Қырғызстанда Бакиев бастаған оппозиция Акаев дурыс жумыс жасамай отыр біз келсек булай жумыс жасаймыз деп бүлікті бастап укімет басына келді, не болды жумыс жасай алмай кетті, басын сауғалап. Ал жан жактан барлыгын іріткі салып елбасының орнына басқа біреуді алып келдіңдер дейік, сонда олар жұмақ орната ма басымызға, жок олардан да ертен жұмыс жасағасын қателіктер кетеді, содан тағы біреулері шығып қайтадан осы жағдай қайталанады. Сондықтан да бауырлар шүкір дейік, бергеніне салауат қылайық, өткен 90-95 жылдарды еске алайық, содан соң барымыза қанағат қылып жақсы өмір сүруге тырысайық.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.01.2012 20:37
+0 / -0
Ойбай батыреке, айтқаның дұрыс. Еш өзгеріс керек емес. Отбасылық тирандық билік жалғаса берсін. Көтерілгендерді атып қан ете берсін. Халық екіншісі келсе де солай, мысалы Абылай секілді біреу келсе де солай болады деп күтіп отыра берсін. Билік жақсы деп ән салып, өзін өзі өтірік мақтап буланып жүрейік сол. Жүрміз ғой, онсыз да. Тағы не керек? Халықты әбден мал етіп алғандықтан, аз санды адам не өзгертеді, осылай қала береміз. сен айтпасаң да өзгеріс жасауға бастайтын тұлға да жоқ, халық та дайын емес. Жемқорлар жей берсін. Тек ҚРды сатып жібермесе екен дейміз! Бізді де сатып жіберіп жатыр ғой, қытайға, ресейге, иранға, ауғанға, ештеңе етпейді. Терісі қалың, көмпіс халықпыз. Қазақ қырылып жатса қалған қазақтар жаңа жылды тойлап түк болмағандай мәзз болып жүрдік! ЕНдеше не шығады? ЕШтеңе! Сондықтан биліктің бұралқы жазғышы мырза, қорықпай-ақ қой! Ештеңе өзгермейді. Өзгерткелі жатқан ешкім жоқ. Біз тек мұнда стресс шығару үшін жаздық. Сосын ұмытып кетеміз де түк болмағандай жүреміз. Қорықпа, бұралқы қорықпа!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Адамзат баласына
03.01.2012 20:39
+0 / -0
Сен адамзаттың баласына ұқсамайсың, есіктегі байлаулы иттің баласына ұқсайсың, сондықтанда аты-жөніңді жасырып отырсың биліктің құйыршығы!
Құлдың ғана аузынан шүкірі кетпейді, солай құл болып жүре бер, сендей құлтанқұлдардың барынан жоғы!

Ықылас Ерденов, Астанадан

Кімнен: Ағлен Қайдан: Құлсары
03.01.2012 20:36
+0 / -0
Бұл да бір көп мәңгүрттің ,бірі ғой! Бір ауыз сөз қазақша білмейді! Мәңгүрт болып кеткесін, қазаққа қайдан жаны ашысын!! Ал нәнге осындай адамдар керек!!

Кімнен: жазушы-тарихшы
03.01.2012 20:39
+0 / -0
Мынауның үлкен тіл маманы,ғалымның ұлы дегенге сенбеймін.Түрі де қытай ма,кәріс пе әйтеуір шатпа секілді ғой. Қанына тартпаған қары сынғыр.өтірікті де қиыстырып айту керек ғой

Кімнен: ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ Қайдан: МАҢҒЫСТАУдан
03.01.2012 21:06
+0 / -0
Мынадай к-жалағыш азаматтарымыз болғанына мен қатты кұйінемін. Шырылдап қаншама адам басынан өткізген қиыншылықтарын айтып та жатыр, тіпті дәлел ретінде түсірілген видеолар да бар. Сонда да түк түсінбейтін маубастар құсап лағып отыр. Менің 7жасар балама дейін не болғанын түсініп отырғанда, сіздің соншалықты дым түсінбейтініңізге ызам келеді. Билік басындағыларды кейде- тупой ма? - деген ой келеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
03.01.2012 21:55
+0 / -0
Қазақ қызы, билік басындағылар тупой емес, олар - өздерінің баспайдаларын есепке жүйрік академиктерден де артық есептей алатын алаяқ жағымпаздар. Олардан халыққа ешқашан ешқандай қайыр болған жоқ, болмайды даІ Күні үшін өтірікті жаңбырша жаудыратын солардың бірі - мына семіз. Қазақ тілінен безініп жүрген бұның қазақша жатық сұхбаттаса алуы мүмкін емес, сірә, азаттақтардың жаны ашып, жәрдемдескен шығар. Бүйткенше, шындықты айтып, қазақ тілінде сұқбаттаса алмағанын жазу керек еді. Өйткені Жаңаөзен оқиғасы жайында бір түйір жаңалығы жоқ, тек билікшілдердің айтқандарын қайталаған. Божбитып шығарудың керегі жоқ еді!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
03.01.2012 22:07
+0 / -0
Құрметті Жақып! Пікіріңіз үшін көп рақмет! Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов мырза өз қалауымен Азаттықтың Вашингтондағы тілшісіне сұқбат берді. Сұқбат ағылшын тілінде өтті. Мәтіні қазақ тіліне аударылды. Жаңаөзен оқиғасы туралы жан-жақты мәлімет беруді мақсат тұтқан Азаттық радиосы ресми тараптың позициясын да көпшілікке жария етуді жөн көрді. Ал жоғарыда айтылған сөздерге қатысты еркін пікір білдіріп, ой түю әрбір қазақ азаматының 21-ғасырда ешкім тартып ала алмайтын құқығы. Ойы еркіннің - сөзі еркін. Азаттық сіздерге кез-келген құбылыс пен оқиғаға қатысты барынша жан-жақты ақпарат жеткізуге асық. Ілтипатпен, Азаттығыңыз
Пікір алмасу

Кімнен: Көріпкел Қайдан: Алматы
03.01.2012 22:03
+0 / -0
Ал... видеоның қай үйден кім түсіргенін анықтау не үшін кімге керек ? Түсірген жандарға сыйлық берілеме немене?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 00:19
+0 / -0
Қайдағы сыйлық?
Тауып алып қылқындырып жауап алады да!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: актау
04.01.2012 03:45
+1 / -0
Билик басындагылар бизди тупой корип отыр гой. Букил Казакстаннын халкын.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
03.01.2012 22:14
+0 / -0
Әй, Ыдыстың Ернеуі (басқа атқа лайық емес ол) Сенен адам таппай қалмағандықтан емес, сәл де болса туралығы бар елде жүр ғой деп алғашқы сұхбат алып отыр "Азаттық". Бірақ Сен ана жыртиған көзіңді кім арқылы ашқаныңды "ұмытпай", "тоқтамай" жауап бергеніңе таң қаламын да. Білмесең барлығына да "білмеймін" деп жауап берсең нең кетті бір сәт адам болып? Неге "білетінің" мен "білмейтініңнің" ара жігі алшақтап кеткен? Әй, бірақ, қойшы мұндай иттің сілімтіктерін...
Пікір алмасу

Кімнен: Тәуірлеу біреу.
03.01.2012 22:28
+0 / -0
Ареке, мынау шатасып, қытай туралы айтып отырған жоқ па? Сұхпат ағылшын тілінде алынған шығар (бұл қазақша қақпайтын бірдеңе) түрі де қытай, Азаттықтың Вашингтондағы тілшісі қытай елшілігінде алды ма екен сұрақты, әлде біздің елдікінен бе, негізі пошымы дұрыс, қазақша әу дей алатын біреуді таппай, мынаған күн қаратқан заман-ай. Мынау позор нации ғой.

Кімнен: сәмет-әшірбек
03.01.2012 22:32
+0 / -0
Құрметті Азаттық сайты! Біз Батталова бастаған бірқатар біздің оппозиция өкілдерінің шетелдік ұйымдар басшыларына, мемлекет және үкімет басшыларының адресіне жолдаған Назарбай туралы ашық хатын білеміз, енді сіздерге өтініш - сол кісілердің (мемлекет басшыларының) жауабын,яки қандай да бір реакциясын өз сайттарыңызға жазсаңыздар екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 00:21
+0 / -0
Мен-ақ айтайын қандай реакция болатынын, шыбын шаққан құрлы да болмайды.

Кімнен: Амантай Нұрбеков
03.01.2012 23:31
+0 / -1
өте дұрыс жауап берген Идрисов жолдас. Елбасымыздың позициясын дұрыс түсіндіріпті, біз, қазақстандық халықтар соны толық қолдаймыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Жамантай Жүрдеков
04.01.2012 08:48
+0 / -0
Амантай інім, неге сен НӘНге басың айналып жорғалай бересің, жауап берші осы сұраққа?
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
04.01.2012 09:46
+0 / -0
ия солай халыкка сенбей (халыкты калай кырганын тусирген накты видеолар бар) айдалада карны ток, койлегi кок АКШта отырган шенеунiктiн айтканына сенiп отыра бер.
булар арине НАНды жата калып колдайды, себебi ертен НАН орнынан кетсе булар жумыссыз калмай ма..?
озiн де бiр оскелi журген бала сияктысын гой, кайта-кайта аты жонiндi жазып НАНды жактап пiкiрлер калдырганына караганда?
Пікір алмасу

Кімнен: Амантай Нұрбеков
04.01.2012 09:49
+0 / -0
себебі, ол тағдырдың берген сыйы, мұндай адам мың жылда бір рет туады. Қазақта болмаған мемлекетті құрды, шекарасын анықтады, 1986 жылы жастарды алаңға өзі бастап шығып соның арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бүкіл әлем оның кемеңгерлігін мойындап отыр, оған дәлел ОБСЕ төраға болдық, көптеген елдер Нобель сыйлығына да ұсынып жатыр. Қазақстан халықтары осындай дана басшыны қолдап, былтыр баламалы сайлауда басым дауыс бергені де белгілі. Мен Елбасыны толық қолдаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: ашулы ара Қайдан: уядан
04.01.2012 12:25
+0 / -0
билiктегi кокелерiннен аумай калыпсын!
отiрiктi сокканда Алдар Косенiн озiн жолында калдыратын сияктысын.
Касым, Есiм, Тауке хандардын тусында сонда казакта мемлекет болмаган ба?
керiсiнше ол кезде казiргi кытай, озбек, монголга берiлген жерлердiн барi казактын жерi болган жок па?
бурын казакта шекара болмаган не сандырак?
жерiмiздiн шекарасынан аттаган, шуршi , жонгармен бабаларымыз касык калганы бiткенше айкаскан жок па?
1986 жылы желтоксан окигасында НАНнын жастарды аланга бастап шыгып сонын аркасында азаттык алдык деген отiрiк кашан пайда болган?
кайта 1991жылы 16 желтоксанда бiзден баска елдердiн барi тауелсiздiк алып болганда ен аягында бiз калып, орыстар оздерi бiздi болiп тастаган жок па?
1986 жылы орыстар атпаган окты 2011 жылы Жанаозенде казакка НАН аткан жок па?
Батыска жетiм сатып кулкi болдык.
кейiн жер саттык.
жердiн асты-устiндегi байлыктын барiн сатып жатырмыз.
дiнiн анау, каптаган секталарга есiгiмiз айкара ашык та, мусылман, ислам десе укiметтiн аркасы курысып, шекесi тырысып отыр.
тiлiн анау шубарланган, НАН озi халыкка казакпен казак казакша сойлессiн деп алады, озi орысша сойлейдi.
Осынын барi НАН ел баскарып отырганда орын алып жаткан жок па?
Ендi НАНнын кай кылмысын жасырасын?

Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
03.01.2012 23:33
+1 / -0
Түсінбейтін несі бар, әбден түсінікті! Мынау маймыл кейпіндегі "адам" қожайыны Назарбаевтың қазақ ұлтын қырған геноцидын әлем жұртшылығы алдында, әсіресе АҚШ-тың алдында ақтап алу үшін Азаттық радиосына өзі келіп, ағылшынша сайрап отырғын сықбыты осы!

Кімнен: Озен Қайдан: Жанаозен
04.01.2012 00:12
+0 / -0
Сеніде адам кылып жараткан Күдайға шүкірлік етшейш, Адам секілді омір сүршейш бейшара: Бірак Бейшарага не шара мұдай айуанға , аррам тамакты жеп-жеп түрің кұрбака болып кетіпті. Адал тамак жегеннің бет алпеті жарқын келет . Біздің биліктегі басшылар турлері кілен /урод/ себебі жеген тамағы киген кимі харам жолмен келген өлтіру, тонау,ұрлау, мыналардың түрлеріне караш нан, ертысбаев, саудабаев, қасымов, т,б Сендермен алі кездесет Жанаозен күте тұрың Соғыс алі біткен жоқ Бұл дүниеде қашып құтылсан. О дүеде кездесерсін тогілген қанның сұрауы бар.

Кімнен: Адам Қайдан: Әз-Түркістан
04.01.2012 00:20
+0 / -0
Жаңа ғана бір үйде қонақта болдық. Арамызда сол жақта вахтада істейтін жігіттер де болды. Олардың айтуынша мұнайшыларда темірдей тәртіп болған. Араларына мас түгілі аузынан арақтың исі шыққан кісіні кіргізбеген. Тіпті қоғамға наразы мұғалімдерді де қатарларына қабылдамаған. Олар "бізді де сырт адамсыңдар, зияны тиеді. біз не болса да көппен көреміз, сендер елдеріңе барғанда жалғыздан зорлыққа қаласыңдар деп жақындатпады" деп отыр. Олардың айтуынша шу шыққанда Жаңаөзендік полициялар арыздарын жазып, жұмыстарын тастап кетіп қалған. ОМОН-ды қазақстандық емес. Астрахандық әскер дейді. Менің жанымды жегідей жеп жүрген бір ғана сұрақ еді. Қалайша әке мен шешеден туған, даммын деп жер басып жүрген қазақтың қара баласы өз бауырларына қаратып оқ атты?! Қалайша олар өз бауырларының қандарын мойындарына жүктеді. Тек біздің атамыз Түркілерде ғана емес, адамзат баласы үшін қаннан қасиетті ешнәрсе жоқ. Оның киесі атпай қоймайды. Ол бумеранг секілді. Қайта айналып халқына оқ атып, қанын төккеннің өзіне, ең болмаса бала-шағасына соғады.
Мені осы ой ауру қылған болатын. Рас-өтірігін білмеймін, бірақ қазақ қазаққа қарай оқ атты дегенге сенгім келмейді. Маңғышлақ 362 әулиенің мекені болса Әз-Түркістан Сайрамдағы сансыз баптар мен Түркістандағы түмен(мың) баптың, қасиетті Қожа Азмет пен Алла Ұлылардың ұлысы еткен Қарахан бабаның, Баба Түкті Шашти әзиздің мекені емес па? Осы елде, осы жерде туған қазақтың баласы бауырына оқ ата ала ма?
Білемін, мына билік тексіздер билігі. Мына билік қасиетінен жұрдай қалған қасиетсіздер билігі. Бұл арларын ақша мен қызметке құрбан еткендер билігі. Біздің сеніп отырғаны ұл-қыздарымыз солар үшін өз бауырларына оқ атпаса керек!
Ерлан Ыдырысов деген біз білетін бесбике бейшара, құлақ кесті құл ғой. Құлда не ақыл, не парасат, не шындық болушы еді. Иесі не айтса соны шатып отыр. Одан ар-ұят іздеп әуере болмаңдар. Ертең заман өзгереді. Ақ-қара сұралады. Сонда оған пана болар жер қалмас. Қолына кісен, аяғына шынжыр салынғанда өтірік ауру болып, елге тірідей табытқа салынып әкелінеді. Құрметті Азаттықтар. сіздерге өтініш, сол кезде одан тағы да бір сөхбат алыңыздар. Бұл тек қазаққа емес, күллі адамзат баласына үлгі-өнеге, сабақ болсын.
Ол НӘН-нен емес Құдайдан қорқуы керек еді. Бұл да НӘН-ді алдап "мәңгілік өлмейтін дәрі тауып береміз" дейтін кәріс халқының арасынан орын таппай Қазақстанға келіп пана тапқан аферистерге сеніп отырған болуы керек. Олар сондай керемет болса Ким Ир Ченді тірі сақтап қалар еді ғой. Сандалыпты. НӘН ет пен сүйектен жаратылған пенде, Оған да тумақ болған соң өлмегі бар. Асықпа "Жақсыдан жаман туған бір аяқ асқа алғысыз" - Ыдырысов!
Пікір алмасу

Кімнен: Shortan Қайдан: Ertisten
04.01.2012 01:27
+0 / -0
Adam mirza siz videodan estmedinzbe policei Kazakhtardin "ur-sok","sheshennin""kashpalap" shulap kele jatkanin? sol akamak Kazakh policeylerin korip solarda kandayda bir kasbiy dengey bar ekeninne kumandanam.."aga-kok" lep tiyin berip jumiska kirgen ahmaktar..Kazakhtan bari shigat men ogan tandanbayim,Shakerimdeide atkan Kazakhtan ne suraysin..

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Жанаозен
04.01.2012 00:24
+0 / -0
Радио Азаттык. у меня есть предложения к Вам. Почему не связаться с телевидением РФ. Есть там хорошие передачи типа "Пусть говорят" "Хватит молчать" "говорим и показываем". Пригласили бы очевидцев беспорядка с Жанаозеня. И пусть там рассказывает правду, потому что вранье власти надоело. А то власть сделал вес народ жанаозеня бандитами, мародерами, наркоманами. чтобы показывать по телевидению уже у Вас материалов больше чем достаточно. И пригласили бы туда со стороны власти. со стороны власти наврятли придут, потому что оправдываться им нечем. Вот такого рода у меня просьба к Вам.

Кімнен: Жайна
04.01.2012 00:36
+0 / -0
Бұл елші емес, Назарбаев режимінің құлы ғой.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
04.01.2012 00:49
+0 / -0
Бұл билік Жаңаөзеннен сабақ алмаған екен. Пәленің бәрі солардың өтіріктерінен басталғанын әлі түсінбеген болса, бұлардан не сұрайсың. Сол өтіріктерін тағы сапырып жатыр. Өмірзақ Озғанбаев деген маңғыстауға көк түйір беделі жоқ адамды комиссияға басшы қылыпты. Ол тіл мен жағына сүйенген бейшара дәмі ,татуы жоқ құр сөзді тағы қотпыштап жатыр. Осылардың халықты ұятсыз алдауы, тағы да қырғынға алып келмесе болар еді. Көзіңді бақырайтып қойып, көріп отырған затыңды жоққа шығарамын деу, жақсылыққа әкелмейді. Сондықтан Озғанбаев сияқты суайттарды мұндай жауапты қызметтен мүмкіндігінше алыста ұстау керек, билік біле білсе.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 00:52
+0 / -0
міне, бүгінде НӘН қазақ үкіметінің жауапты қызметіне қойған құлдарының сиқы:

Үрімшіде жергілікті қазақ журналистерінің бірі Қазақстан басшылары қатысқан жиында өзінің қазақ тілінің жарамсыз екендігін түсініпті. Ал бір жарым миллион ғана қазақ тұратын Қытайда істі болған жерлесіміз қазақ тілін білмегеніне алғаш рет қатты өкінгенін айтты.

Қытайдағы қазақ әріптесімді қытай компаниясы өткен айдың бас кезінде Үрімшіде өткен «Қытай Еуразия» халықаралық көрмесіне қазақ тілінен тілмәш ретінде шақырады. Оның айтуынша, бұл жиынға вице- премьер Әсет Исекешев бастаған Қазақстаннан бір топ жоғары лауазым иелері қатысады. Алайда, көрменің салтанатты жиынында олардың барлығы тек қана орыс тілінде сөйлейді. Сондықтан қазақ әріптесімнің аудармашылық қызметінің де қажеті болмай қалыпты. «Бір жарым миллион қазақ тұратын осы өңірде олар бір ауыз қазақша лебіз білдіреді деп күткен едік. Олар неге қазақша сөйлемейді?! Қытайда «Қазақстаннан ресми делегация келеді» десе, орысша аудармашыны іздей бастайды. Бұл қазақ тілінің беделін көтермейді!» - деп намыстанды Қытайдың қазақ тілді журналисі.

Сыртқы істер министрінің қатысуымен Бейжіңде қытай тарапы өткізген халықаралық жиындарда төрде ілінген сөздердің бәрі тек екі тілде: қытай және орыс тілдерінде ғана жазылған. Көрші ел Қазақстанды орыс тілді ел ретінде қабылдайтыны анық. Тіпті қалта телефонына Қазақстаннан келіп түскен қоңыраулар да «Russia» деген жазумен шығады.

http://arasha.abai.kz/post/254
Пікір алмасу

Кімнен: shortan Қайдан: Ertisten
04.01.2012 01:57
+0 / -0
Ey Erlan.Edirsov mirza sende USA de Obama kara balanin kolina su kuiyp berip jurmindep oylap jurgen shigarsin..Adira kal sol kara baladan,senin kay tenin!!! Su kuygish bolsan kolnan han tamgan Jana ozendegi jirtkishtardin kolna kuyip jursin ..senide deplomatdeydi au oy sorli ...
Пікір алмасу

Кімнен: Қарыздан құтылмаған Қайдан: Қарызды көп алған елден
06.01.2012 00:06
+0 / -0
Жігіттер! Е.Ыдырысоптың тек орыс тілінде сөйлейтінін айтып жатырсыңдар ғой. Басшыларымыздың орысша сайрауы, елдің орысша ТВ-арналардан арылмай жатқанын және Ресейдің мәдениетіне әуес болуы.... бәрі-бәрінің бір ғана себебі бір-еу ғана - советтік номенклатуралық қызметкерлерді әуелбастан тәуелсіздік алған күннің ертеңінде-ақ мемлекеттік мекемелер мен орындардан шеттету қажет еді! ҚҰЛДЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕНІП, ҚҰЛДЫҚ ҚАСИЕТТІ БОЙЫНА СІҢІРГЕН ТЕКСІЗДЕР ТЕК ӨЗДЕРІ БІЛГЕН ЖӘНЕ ҮЙРЕНГЕН НӘРСЕСІН ҒАНА ЖАСАЙДЫ!
Баяғыда, 1933 ж. Шығыс Түркістан Ислам Республикасы және 1944 ж. Шығыс Түркістан Республикасы құрылған кезде шығыстүркістандықтар үкімет орындардағы қытайларға қызмет еткен, тек қытайша ғана сайрап жүрген ұлттық қызметкерлерді және билік басындағы қытайлардың өздерін күллі мекемелерден шығарып жіберген. Олардың орнына тек қазақ, ұйғыр, қырғыз және моңғол тілдерінде жазатын және сөйлейтін ұлттық кадрларды мемлекеттік қызметке алған еді. Себебі - ҚҰЛДЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕНІП, ҚҰЛДЫҚ ҚАСИЕТТІ БОЙЫНА СІҢІРГЕН, ҚЫТАЙЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ТЕКСІЗДЕР ҚАНША ЖЫЛ ӨТСЕ ДЕ, ӨЗ ҚОЖАЙЫНДАРЫНЫҢ ҮЙРЕНГЕН НЕМЕСЕ БІЛГЕНІН ҒАНА ЖАСАЙДЫ, ҚҰЛДЫҚТАҒЫДАЙ ҚҰР БАС ШҰЛҒУДАН ЕШНӘРСЕНІ БІЛМЕЙДІ!
Шығыстүркістандықтар осылайша өз ақ айшықты көк байрақ, өз гербі, өз ән-ұранымен бірге тек мұсылмандардың тілінде іс жүргізетін мемлекеттік басқару аппараты бірден қалыптасқан болатын. Оларда ұлттық тіл мәселесі тіптен болмаған, оған бастары ауырмаған. Билік басындағылар өз тілінен қымсынбайтын, халық та өз басшыларын мақтан тұтатын, діни-ұлттық рух пен идеология да асқақтап тұратын. Әттең, сол мемлекеттің біреуін 1935 ж. СССР әскермен басып-кіріп қанға батырды, ал екіншісін 1949 ж. Мао Цзедуңға сата салды.
Ал біз басынан осылай жасамағандықтан, міне, тексіздердің 20 жыл бойы өздері ғана байып, қалың қаймана қазақты мемлекеттік басқару тетіктеріне жақындатпай, ақыры қиқулатып бұрынғы солтүстік қожайындарының қолтығына қамшы ұрмастан өздігінен кіріп бара жатырмыз. Ертең күллі түркілерге күлкі болатын болдық.
Осыны ойлайтын бір қазақ болмады ма!?

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
04.01.2012 01:32
+0 / -0
Дұрыс, Қазақстанда араб көктемі жоқ. Қазақстанда қазақ көктемі болады, ол орыс көктемімен қатар өтеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Оян қазақ Қайдан: Манғыстау
04.01.2012 03:55
+0 / -0
Өте дұрыс айтасын. Молодец.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
04.01.2012 01:36
+0 / -0
Арандатушыларды алыстан іздеп керегі жоқ, атуға бұйрық берген кімдер, солар- арандатушылар.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі