Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:09

БЛОГСТАН

Жан жарасына айналған Жаңаөзен қасіреті

16 желтоқсанда аяғынан жараланған адам. Жаңаөзен, Маңғыстау облысы. Скриншот Ютуб сайтынан алынды.
Мәтін көлемі - +
«Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. ...Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық» (Қазақстан республикасы конституциясының 1-бабы).
 
Айдан астам уақыт болды, жегенім желім, ішкенім удай. Әділетсіздікке ішім күйіп, қаным тасыды. «Өзеннің халқы қырылды» дегенде қара халықтың елең етпегені жоқ шығар. Болған оқиға туралы бұқаралық ақпарат құралдары жамырай жазып жатты. Төтенше жағдай енгізілгенін естідік. Ресми мемлекеттік телеарна мен интернет сайттарының: «Жаңаөзенде көзі аларған мас, есірткі қолданған жастар алаңға шықты, тәуелсіздік күнінің шырқын бұзды» - дегеніне өз басым сенбедім.

Себебі жыл бойы интернеттен Ютуб видеосайты арқылы тарап жатқан «К+» телеарнасының жаңалықтарын көріп, шыжыған шілдеде ереуілге шыққан маңғыстаулық жігіттер мен аналарға іштей қолдау білдіріп жүргендердің бірі едім. Жаңаөзендегі халықтың қырғынға ұшырағанын естіген бойда «Фейсбук», «Мой мир» желілерінде дос, туыс, таныс-тамырдың барлығына бірдей хат жіберіп, «Жаңаөзен», «Жаңаөзен. Маңғыстау. Шетпе.» деп жазылған, ортасында қара лента бейнеленген jpeg форматындағы суретті тараттым.

«Барлығыңызға Жаңаөзендіктерді қолдау білдіруіңізді, қаза болғандарды еске алу мақсатында осы суретті профиль суреті ретінде қоюларыңызды сұраймын» деп меседж жаздым. Телефон шалып «Жаңаөзенде сондай да сондай болыпты ғой, сен қалай ойлайсың?» деп сұрастырдым.

Әркім әрқалай қабылдады, бірі «әрине, қолдаймыз» деп профиль суретін «Жаңаөзенге» ауыстырса, екіншісі «өздеріне де сол керек, бай дейді ғой «Хабардан» көрсетті, ең төмен айлығы 130 мың екен, несі бар көтеріліп, елдің берекесін алып» деп қатқыл жауап берді, үшіншісі ақыл айтқансып «биліктің шектен шыққаны рас. Бірақ осындай хат таратып, көтерілісші жаңаөзендіктерге рухани қолдау білдірейік деп жүргеніңді органдар білсе біттің, құртады. Тыныш қана, артты қысып жүр» деді.

Менің мұны жазып отырғандағы мақсатым – «біреу былай айтты», «біреу олай айтты» деп жұртымды, айналамды сынап-мінеу емес. Болған жайға байланысты ел-жұрттың көзқарасын жалпы салыстыру, бағалау еді. Бірақ түрлі адамдардың Жаңаөзенге қатысты ойларын салыстыруға да, бағалауға да мүмкін еместігін кейінірек түсіндім.

Себебі, жалпы жұртқа Жаңаөзендегі полицияның халықты қойша қырған әрекеті туралы сұмдық хабар біркелкі жетпей жатыр. Көпшілік «Хабардың» көпірмесі мен «Қазақстанның» лепірме жаңалықтарын көріп, болған жайға тек біржақты баға берген биліктің ойындағысын естіп, тыныш отыр. Жұрттың ақпаратқа қол жетімділігі де әртүрлі. Біріміз тек көлігімізде кетіп бара жатып «Қазақ радиосын» тыңдаймыз, біріміз кешке ғана үйге келіп теледидарды қосып каналдарды айналдырамыз.

Ал еліміздегі радиолар мен телеарналар түгелімен билік басындағылардың бақылауында екені белгілі. Маңғыстауда болып жатқан оқиғалардың шындығын негізінен интернет арқылы таратып жатқан «К+», «Стан ТВ» телеарналары мен Азаттық радиосының хабарлары алыстағы ауыл түгілі, кейбір қала қазағына да осы себептен жеткен жоқ.

Бұл аздай аталған арналар қазір қуғандауға түсті. «Азат» ЖСДП партиясы мен тіркелмеген «Алға» партиясының басшылары тергеуге алынып, бірсыпырасы абақтыда отыр. ҰҚК қызметкерлері тергеуге алып, қысымға ұшыратып жатыр. Осындай репрессияларды көрген саяси сауатты халықтың бір бөлігі ашық наразылыққа шығуға бата алмай қорқып отыр. «Көп асқанға бір тосқан» - деген, бұл қорқыту, үркіту қашанға дейін жалғаспақ? Халық биік пе, биліктің тізгінін уысына ұстағандар биік пе?

Ақпараттық шектеу мен биліктің позициясынан тыс басқаша ойларды айтатын БАҚ-дарын қуғындау билікке еш абырой әпермейді. Бір адам мен оның «шаш ал десе, бас алатын» жандайшаптарынан шаршаған ел-жұрт әділ сайлауды аңсайды. Әділетсіздік, теңсіздік, кемсітушік жойылып елімізде шын мәніндегі боямасыз демократиялық қоғам орнайды деп үміттенем. Жала мен қуған сүргінге ұшыраған Жаңаөзен халқына шын жүректен қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.

Жаңаөзендіктердің ақталып шығатынына, сыбайлас жемқорлық пен жеке басқа табынушылықтың батпағына айналған биліктің тазаратынына сенімдімін. «Қара қазан, сары баланың қамы үшін», өздерін тиесілі жалақыны талап етіп ереуілге шыққан жаңаөзендіктердің еш жазығы жоқ. Бүгінгі күніміз ертеңгі тарих. Сөзімді Бауыржан Халиолла ақынның өлеңімен аяқтасам деп едім:

«Беу, Жаңаөзен, даңқтысың, дарасың,
Болашаққа пәк күйіңде барасың».



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ҚАЗАҚ БАЛАСЫ Қайдан: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ
01.02.2012 15:02
+1 / -0
қансырап жаткан бауырымыздын күйіндей атқан жексұрын биліктін әр адамы сол күйді бастарынан кешіп тозақ отына солай барулары керек жаппай кудалауга тусіп жаткан кісілердін жагдайларыда мәз болмас осындай қазақ қазаққа жасап жатқан тірліктерін көргенімде елде басшы жок сиякты болып корінеді біздін елді шынымен баска улт окілі баскарама екен неге казак кансырап оз канына богіп олуі керек айтындаршы
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 16:27
+1 / -0
Ұрысұлтан алаяқты кетірмей, елім деп еңіреп, толарсақтан саз кешкен қазақ елі азаматтары ешқашан әділдікке қолымызды жеткізе алмаймыз! Аллахтан Лағнет тілеймін ұрысұлтан жауыз алаяққа
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 18:07
+1 / -0
Вся правда о событиях в Жанаозене!
http://www.respublika-kz.info/news/politics/20351/

Кімнен: көп қазақтың бірі
01.02.2012 15:36
+1 / -0
Өте жақсы жазылған

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Жаңаөзен
04.02.2012 21:39
+1 / -0
Бізде менттер енді араққа тойып алып көшеде журген адамдарға тиісіп,Атлант сауда үйінің қапталында сиіп турғанында көрдік

Кімнен: Shindos
11.02.2012 19:36
+0 / -0
Менин Жанаозенге катысты пикирим мынадай,бул окига халыктын ашынганынан, жалакысы берилмеген жумысшылардын ыза-ашуынан шыгып отырган дау болды.Бирак халыктын жагдайымен санасып жаткан ешким жок. тек кана кунасыз жандарга жала жауып, темир тордан бир-ак шыгарды.Мунын бари дурыс емес арине.Алде де укимет басындагылар, елбасы болып бул окиганын ман-жайын дурыс аныктап, шешсе нур устине нур болар еди,-деген ой.
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл

Назарға көп іліккен