Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Форум

Назарбаевтың жоғары билікте 20 жыл отырғаны маған не берді?

21.06.2009

Құрметті достар, Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары билікке келуіне 20 жыл болды. 1989 жылы 22 маусымда Назарбаев Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитеті бірінші хатшысының қызметіне кірісті. Кейін біртіндеп Қазақстан президенті болды. Елді әлі басқарып отыр.

Осы форумға қатысушы оқырмандарға Назарбаевтың жоғары билікте 20 жыл отырғаны не берді екен? Осыны талқыласақ.

Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 4
Кімнен: Мақсат
22.06.2009 07:20
О баста Назарбаев тәуелсіз жас мемлекетті нығайтып, халықтың әлауқатын жақсартады деп ел секілді мен де үлкен үміт артқан едім. Жылдар өте келе бұл кісінің банальный ғана билікқұмар адам екені барған сайын айқын көрінді. Дәл қазір оның билік басына тас кенедей жабысып отырғанынан Қазақстанға пайдадан гөрі зиян көбірек

Кімнен: Жанар Қайдан: Астана
22.06.2009 09:55
Кешіріңіз Мақсат, мен сізбен келіспеймін. Осыдан 20 жыл бұрын халқымыздың әл-ауқаты қандай болып еді? Елімізді әлем таңыды ма? "Бітер іске сыншы көп" дегендей, барлығы тек жамандауды біледі. Ал, Сіз егемендігін 20 жылдан бұрын алған басқа мемлекеттермен біздің елді салыстырып көріңізші? Бізде боламын деген балаға, бар мүмкіндік жасалған. Ия, әрине мұнайы,байлығы, кең-байтақ жері бар елдің халқы бұдан гөрі жақсы өмір сұре алады дейтін шығарсыздар, дегенмен көш жүре түзеледі. Біреуде табалағанша, Сізде жүрген, барған жеріңізде Қазақ деген еліңізбен мақтанап жүріңіз!!!

Кімнен: K
22.06.2009 09:57
өте ұзақ отыр

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
22.06.2009 10:02
Құрметті қазақстандықтар шын мәнінде де ойланатын уақыт жеттті. Енді осылайша үнсіз отыра беретін болсақ, біз шетелге сатылып жатқан байлығымыздан ғана емес, бүкіл жеремізден, тіпті тәуелсіздігімізден айырылып, қазақ деген халық жер бетінен жойылып кетуі мүмкін. Әлемде болып жатқан оқиғаларға жақсылып қарасақ, күн сайын өзгеріс, өзіміз секілді саны аз халықтар өздерін сақтап қалу үшін үнемі күрес жүргізіп жатыр. Олар ғылым, өнеркәсіп салаларында күн сайын болмаса да, әйтеуір жаңа дүниелер жасап жатыр. Тыным жоқ. Ертеңгі ұрпақтың алдында ұятты болмас үшін қолдарын келгенін аяп жатқан жоқ. Ал бізше, Нұрсұлтан, Нұротан Қазақстан деген ұраннан әрі асалмай жатырмыз. Неге, шынында да қазақ халқы бүгінгі заманға лайық емес пе? Әлде күніміз бір ғана патшаға қарап отыр ма? Жоқ. Менің ойымша олай емес. Біз халық болып, Назарбаевқа осы уақытқа дейін жасаған істеріне рахмет айтып, оны зейнет демалысына шығаруымыз керек. Билікке жаңа адамдар келмесе болмайды. Біз жиырма жыл бойы тек мұнайдың арқасында ғана күн көріп келдік.Өз қолымызбен ештеңе жасаған жоқпыз. Құдайдың берген байлығына малдандық,мастандық, есірдік. Енді Назарбаевтан құтылуымыз керек. Оны жауапқа тартып соттаудың қажеті жоқ. Алматыдағы жекеменшік резиденцияларының біріне көшірсек, олш биліктен кеткен соң, сол үйінде тып тыңыш отырса жетіп жатыр. Енді кешіксек қиын болады. Шабдарбаев басқарып отыр бүкіл Қазақстанды

Кімнен: Асыл
22.06.2009 10:04
Жанар жазады: "...Бізде боламын деген балаға, бар мүмкіндік жасалған..."

иә, иә, ол балаларға барлығы жасалды, алдымен бизнесмен болдды ол балдар, онан соң салық комитетін, Қазмұнайгазды, "Хабар" телеарнасын, түрлі қорларды басқарды, тіпті КНБ генералы болып, партия дда құрды. Дұрыс айтасыз, барлық мүмкіндік жасалды сол балаларға. Әттең, сол бала боп неге тумадым екен деп өкінуші едім, бірақ сол балалар 40 жылға соттала бастағанды онымды сап тидым. Со балалар аман болсын деп тілейік, Жанар!

Кімнен: Жаны ашыған қазақ Қайдан: астана
22.06.2009 10:56
НАН -ң Мемлекет орнатуға істеген істерін жоққа шығаруға болмас .Алайда қандай Мемлекет орнатылды осы жағынан келсек қазақтың ұтылғаны көп.Атап айтсақ:
1. Қазақтың тілі Бұрынғы Қонаевтың кезінен де құлдырап жойылуға айналды.ол кезде Орыстар билеп отыр десек ,егемендік алғанда өзімізді өзіміз құрттық .Назарбаев қазақтарды мазақ қылуда ,қазақ тілімен күрес деп үкімет басына Масимовты қояды ол нағыз қазақтың намысына тиюде.
2. Барлық Мәдиенет салт дәстүрден айырлу.
3. Жезөкшелік,наркомандық жайлады.
4.Қазақтардың жағдайы қайыршылыққа жетті ,ол рас факт.
5.Қазіргі таңда ауру емес адам қалмады, денсаулық саласы құлдырады.
6. Елдің байлығын талан таражға салды.
7.Қазақтың таратып сатумен айналысуда.
8.Қазақтың байлығын азғантай топ тонап байып алды.
9.Қазақтар мен санасуды қойды ,Назарбаев қазақтарды менсінбейді оған орыстар болса болды.
10.Мемлекет шикі зат өндіруменен ғана шектелді ,ешқандай өндіріс жоқ.
11.Тағы осындай тізіміді жалғастыра беруге болады....
Мен шапырашты емеспен келесемін Нұрағаңды рахмет айтып шығарып салып орнына ұлыт жанды қазақ қою керек.қазіргі таңда халықтың барлығы ішінен тынуда ,індемегенді НАН-ы қолдап жүр деген түсінік болмау керек оны қасындағылар түсіндіріп айту керек.Қазаққа жаны ашыса орнын босатқаны дұрыс аброй барда ,сәл кешіксе ол абыройданда айырылуы мүмкін.

Кімнен: Темірбек Қайдан: Астана
22.06.2009 14:43
Назарбаевқа рахмет айтып, қошеметпен шығарып салу керек дегенге толығымен қосыламын. Алайда бұл ұсынысты кім батылы барып айта алады? Айтқыза ма оны? Тыңдай ма ол мұндай жанашырлықты? Әй, қайдам. Билік деген де ақылы толыспаған, парасат-биігі төмен, кеңінен ойлай алмайтын адамға есірткі секілді есін алып кетеді деген бар.Қазір бізө сол күйдеміз.Қашан жаңаша ойлайтын жастар келгенше тым кеш бола ма деп қорқамын.

Кімнен: Қыран Қайдан: астана
22.06.2009 16:01
1.Қазақ деген ұлы ұлытты бүкіл дүние жүзіне танытты әрі өзінен басқа әзірге дейін ел басқаратын дарын иесінің туылмағанынын көрсетті. 2. қазақ деген ұыттың қасиетті тілі орыс тілі екендігін өз әрекетімен әйгіледі. соның салдарынан қазақ деген ұлыттың ана тілі айақ астына тасталды 3. жерімізді құнарландыру үшін астындағы улы болып есептелетін мұнайымен алтын, күмір басқада бағалы бұйымдарын әсіресе уранын шетел асырып келешек ұрпақтарға таптаза сатылған иесі бар жер қалдырды. 4. шетелдерге шығып қыруар ақша сұрап жаңа астана салдырды оның атын қалай атау бізге сын еңбек деген еңбек.
5. барлық қазақты қалаға шоғырып қазақ деген қалықтың көпіс қалық екендігін және бір мәрте әйгіліді өйткені олар үйсіз күйсіз жұрседе қалалық атанды.
6. айнала қымталды талас жер иесіне берілді, орысқа қазақтың жері қайқашанда ашық қала бермек өйтені орыссыз қазақ жанбағалмас дегенді қайта сіңіре бастады. 7. айтаберсек өте көп

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана қаласы
22.06.2009 16:51
Өткенді сараламай, болашақты болжау қиын деген. Білгенімше, басынан бастасам: негізі, қазақтың ішінен шыққан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың билікті жағалай жүрген кездері, шынында да, қазақ елігінің жағдайы төмен болды, неге? Себебі, біз құрамдас болған қарғыс атқыр КСРО"мыз күйреді, халықты менсінбеген билік, ақыр соңында өзінен-өзі қопарылып құлауға мәжбүр болды. Бітті. Қазір сол КСРО деген сөзді айтқысы келетін адамдар аз, тіпті ұмыт болып та кетті, ал сол КСРО құрылар кезде адамдар қандай үмітпен қарап еді болашаққа? Енді құлады ол кезең, әр ел тәуелсіздігін алып жатқанда, сол бір 1991 "дің жетоқсанындағы Құдайдың құтты күндері әсте қазақтың басынада өткен бақытты күндердің бірі - осы қасиетті желтоқсан айының күндері еді. Енді қараңыз, 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап толықтай Қазақстан Республикасы деп Әлем алдында тәуелсіз ел болғанымызды жариялағанда, ол күндері біздің АЛАШЫМЫЗДЫҢ БЕТКЕ ҰСТАР аға-апаларымыздың атылып кеткендігі үлкен сорымыз болса керек. Былайша қарасақ, сол кездегі қиын шақтан осы күнге дейін жеткен күніміз - шүкіршілік деймін өз басым. Неге дейсіз бе? Мен бай емеспін, болғым да келмейді, бірақ, тәуелсіз қазағымның, яғни тарихи Отанымда өсіп келе жатқанымды ғана шүкір етемін.
Мені қынжылтатыны, қазақтың мүддесіне қорлаған, сол бір жалғанның мыжық қағаздары үшін биліктің талай сорақылықтарға көз жұма жол беріп отыруында.

Менің көзқарасым бойынша, оның жасаған еңбектері де аз емес, керісінше Назарбаевтың минус жақтары - халықпен санаспайды, демек өз білгенін, өз ақылшыларымен ғана ақылдасып жасайтынға ұқсайды. Осының салдарынан адамның ақылына сыймайтын талай еленбей жатқан момын халықтың мұңы жатыр деп тұжырымдаймын.

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана қаласы
22.06.2009 16:58
Шапыашты емес мырза, Сізге айтпағым: қазақтар жерден жойылып кетеді деп алаңдамаңыз, себебі қазақ деген халықты жер бетінен жоямын деген халық ақыры өзі оңбай кетеді! Бірақ іштен шыққан жау, халықтың бірін-бірі қанауы (байдың кедейді қанауы) бұл қазіргі замандағы имансыздардың модасы іспеттес. Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең деген дана сөз бар емес пе? Биліктегі намыссыздар кесірінен намысы жер болған жіпсіз байланған қолдағы шарасыз халықтың тірлігі қашан да қиын.

Кімнен: нур Қайдан: алматы
22.06.2009 17:21
НАН-ға рахмет айтудың қажеті шамалы. Ол әу бастан-ақ ел тәуелсіздігін ойлаған жоқ. Ол қатты жалтақ болатын. Бүкіл республикалар тәуелсіздіктерін жариялағанда үні шықпай отырды. Тіпті Ресейдің өзі бөлініп кеткенде, Қазақстанның тәуелсіздігін амалсыз жария етті. Ол кезде біз ешкімнен бөлінген жоқпыз. Қазақстан ғана жалғыз қалған еді. Сондықтан тәуелсіздікті НАН-ға балау опасыздық. Тәуелсіздігіміз - Алланың сыйы. Тіпті төл теңге шығаруға қатты қорқып, Ресейге он мәрте барып, олармен бірге болуға ұмтылды. Орыстар өз валютасының ұшын көрсеткенде ғана амалсыздан теңгеге кірісті. Айта берсек көп. Сондықтан НАН тәуелсіздігіміз үшін дәнеңе де істеген жоқ. Оның орнында кім де болса тәуелсіз ел болар едік. Ал тәуелсіздіктен бұл күнге дейінгі 20 жылда қазақтың тілі қорланды, қазақтың жағдайы жасалмады. Ұлы халыққа жалтаңдаумен қазақ үшін түк істей алмады. Тек қана өзі және туыстарын байытып, билікте қалудың амалын ойлады. Ол елдің көсемі бола алмады. Бізге АТАТҮРІК сияқты өр басшы керек. НАН тақтан кеткен күні ертеңінде-ақ айтылмағандар айтылар әлі.

Кімнен: жастілек
22.06.2009 21:02
Күн шықты көкжиектен - НӘН-көкемнің арқасы!
Жүн шықты таз-төбеден - тағы да соның еңбегі!
Алты алаштың әкес, бар қазақтың Папасы,
Нұрсұлтан кетсе орнынан, Сұлтаны бар - запасы!

ақын емеспін, бірақ билеушіме деген шын неитімнен жүрегімнен жылап шықты осы жолдар...

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қытаи дағы қазақ жері
22.06.2009 21:09
10жылдың алдында қазақ қалқы зор үміт күткен болатын.қазіргі қадықтың күні сол кездегіден әлде қайда төмендеп кетіпті.менің байқауымша қалықтың барлық кегі нан жөне оның тұуыстарына сонымен бірге шапыраштыларға шоғырланған.кейін не болар қазақтың қарашаңырағында?өшпенділік қатты артып басым орынға көтеріліпті қазақ елінде ,қан төгіс болмаса еді қайран елімде.

Кімнен: жастілекке - НӘН көкесінен
22.06.2009 22:26
пай-пай, неткен жалынды сөздер! Сенің қасында Абай деген кім, тәйірі, садаға кетсін сенен. Паһ-паһ, шіркін, ақиық ақыным, саған "Қазақстанның халық ақыны" және "Нұр-Отан" партияының поэзия саласындағы бас жүлдесі беріледі

Кімнен: Көп көрген
22.06.2009 23:04
жастілекке: О, жағымпаз, жәдігөй сорлы, жер бауырла, жағың қарысқыр!..

Кімнен: Жантық Қайдан: Қаладан
23.06.2009 04:23
Нұрекең болмаса баяғыда тезек теріп кетер едің, сорлы қазағым! Ұлы адамдардың соңынан сөз ере береді. Жасасын НАН.....

Кімнен: Ақабай
23.06.2009 07:02
жеке өз басымның бағасын берер болсам бұл билік менен іргесін аулақ салғалы жиырма жылдан да көп болды. Яғни, ол мен туралы, мен секілді азаматтар туралы ешқашан ойлаған емес, тек менен салық алып, ал егер алда жалда мемлекеттік мекемелерге ісім түсіп бара қалсам, менен пара талап еткен кездері болмаса, менің тірі я өлі екенім оларға бәрібір болды. Сондықтан, бұл билікті еш қолдамаймын. Маған, шынын айтқанда қазіргі ауыл әкімінен бастап президетке дейінгілердің құны көк тиынға да тұрмайды. Бірі өліп, бірі қалсын, бірінің етін брі жесін қыңқ демеймін. Негізі бұлар өз құйрығын өзі жалмап жатқан айдақар секілді соған келе жатыр.

Кімнен: Мұхаметкәрім
23.06.2009 10:05
"Сені сынау үшін маған досыңды әкеп көрсетші" депті ғой баяғыда бір дана қарт өзіне баға беруді сұрап келген жігітке. Ал, Нұрекеңнің жанында кімдер жүрді осыған дейін, кімдер бар қазір? Әбіқаев, Есімов, Мәсімов, Ни, Машкевич, Ким, Саудабаев, Шүкеев, Мусин, Тасмағамбетов, т.с.с. - интернетті пайдаланып отырған сіздер бұл адамдардың кейбірінің есімдері аталатын атышулы "телефон әңгімелерін" тыңдаған боларсыздар. Онда осы аталған адамдардың ісін бағамдап, Нұрекеңе баға беріп көріңіздер.

Кімнен: Мұса
23.06.2009 10:18
Ауылдағы әке-шешемнің үймен көрші тұратын бір адам бар, кезінде совхоз директор болған, тәуелсіздіктен кейін сол совхоздағы жарамды техника, мал, ең шұрайлы жерлер соның өзіне, ағайын-туыстары мен қайын жұртының меншігі боп шыға келді. Сол жиырма жылдың ішінде Алматы мен Астанадан қатырып коттедждер салып алды, бала-немерелерінің кейбірі сонда, өзгелері ауылда дүкен ұстап, бүкіл жұрт солардан удай қымбатқа азық-түлікті қарызға жаздырып алады. Мен білгелі 20 жыл ауыл тұрғындары соларға үнемі қарыз болумен келеді. Осы көршімнің үй-іші, тұқым-тұяғымен жұрт көзінше Назарбаевты мақтап отырады. Ал оңашада оппозициялық газеттер оқиды, кейде араққа тойып алғанда, "мен де Назарбаев сияқты бола алам, оның менен несі артық, мен секілді совхозды да басқара алмайды ол номенклатурщик" деп боқтағанын сан естідім. Ана жолы бір шілдеханада кездесіп қалып өкіл қайын ата кітабын оқыдың ба деп сұрады менен. Мен оқысам да жоқ дедім, ол басын шайқап күрсінді де үндеген жоқ. 20 жыл туралы сөз болғанда сол көршім есіме түсті.

Кімнен: Тас Қайдан: Астана
23.06.2009 11:20
жиырма жылда Нұрекеңнің "өнімі" боп мен шықтым...
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 4