Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 11:50


 

RSS


RSS деген не?

RSS – сайт ақпаратын ең ыңғайлы жолмен қарап отыру мүмкіндігін беретін технология. RSS дегеніміз «Really Simple Syndication» деген сөз тіркестің басқы әріптері. Бұл «ақпаратты ең оңай жолмен алу» дегенді білдіреді. Осы бағдарламаның арқасында қажет ақпаратты алу үшін сайтты мезгіл- мезгіл қарап тұрудың қажеті болмайды. RSS бағдарламасы сайтта жарияланған керекті ақпаратты компьютеріңізге бірден жолдайды.

RSS бағдарламасын қалай орнатуға болады?

Ең алдымен «ньюс-ридер» деп аталатын бағдарламаны орнатуыңыз керек. Бұл бағдарлама RSS-ағынында белгіленген тақырыптарды танып отырады, сол жерге түскен жаңа мақалаларды оқуға мүмкіншілік береді. «Ньюс-ридердің» әртүрлі нұсқасы бар, олардың кейбіреуі браузер арқылы жұмыс істейді, кейбіреуін интернеттен компьютеріңізге көшіріп алсаңыз болады. Браузер негізінде жұмыс істейтін «ньюс-ридер» арқылы RSS-ағыны негізінде қажет мақалаларды кез келген компьютерден оқи аласыз. Компьютеріңізге тікелей көшірілген ньюс-ридер бағдарламасы болса, жаңа ақпаратты өз компьютеріңіз арқылы ғана көруге мүмкіншілік береді. Әдетте мұндай тәртіппен Outlook не болмаса Hotmail электрондық пошта бағдарламалары жұмыс істейді.

Тәуелсіз ньюс-ридер бағдарламалары

Ньюс-ридердің түрлі тілде саналуан бағдарламасы бар, оларды Google арқылы оңай табуыңызға болады. Ньюс-ридерді таңдаған соң осы бағдарлама арқылы алып тұрғыңыз келетін ақпаратты RSS-ағынында белгілейсіз.

Браузерге негізділген RSS бағдарламалары

Mozilla Firefox, Microsoft Internet Explorer 7 және Opera браузерлері RSS бағдарламалары фид-тақырыптарымен браузер арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. RSS-ағынында қажет тақырыптарды белгілесеңіз, браузер оларды бірден көрсетіп отырады. Тақырыптарды таңдап, оларды қай жерге апару керектігін көрсетіңіз. Mozilla Firefox бағдарламасы Live Bookmarks, Bloglines, My Yahoo және Google сайттарымен байланыстырылған. Таңдаған тақырыбыңызды белгілеңіз. Бағдарлама сол тақырыптардағы жаңалықтар мен мақалаларды сайттан компьютеріңізге бірден жолдап отырады.