1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Азаттық радиосы хабар тарататын аймақтарда тұратын балалар түсірген бұл суреттер олардың әлемді қалай көретінінен хабар береді. Балалардың көбі достарын, ойыншықтарын, туыстарын суретке түсіргенді ұнатады.
Балалар түсірген суреттер
1
5 жасар Рахимджон Акбаров (Душанбе, Тәжікстан) түсірген суреттер: достары, қызылша шығып ауырып қалған қарындасы Нозанин, теледидар көрсетіп жатқан мультфильм, ойыншықтары.
2
9 жасар Камила (Беларусь) сүйікті үй жануарларын, ауылының табиғатын суретке түсірген.
3
9 жасар Демьян Чатич (Сараево, Босния) түсірген суреттер: Bepo деп аталатын иті, Гарри Поттердің таяқшасы мен көзілдірігі, Парижге барғанда көрген көше музыканты, босниялық Dubioza Kolektiv тобы.
4
5 жасар Космин (Молдова) түсірген суреттер: өзі және екі жасар інісі Влайку, терезесінен қарағандағы көріністер.
5
Богдана (Украина) түсірген суреттер: достары Лера мен Даша, құмдағы сурет, ойыншықтары, досы Даня.
6
13 жасар Самрин Хан (Пәкістанда туған, Чехияда тұрады) түсірген суреттері: әкесі мен екі бауыры, ойнап жүрген бауыры Аймал, достары мен бірге оқитын құрбылары.
7
11 жасар Туран Имел (Қырғызстан) түсірген суреттер: әжесімен бірге тұратын Алина және оның балапаны мен досы, атасының дүрбісімен төңіректі шолғанды ұнататын Атай-Оскар.
8
14 жасар Жаныс Мьяртанс (Қырғызстан) түсірген суреттер: Ала-Арча ұлттық бағы.
9
5 жасар Богдан-Любомир Притула (Симферополь, Украина) түсірген суреттер: театр үйірмесіне қатысатын достары және қала орталығындағы гүлдер.
10
11 жасар Мердан (Ашғабат, Түркіменстан) түсірген суреттер: балалар ойнайтын алаң, тұрғын үйлер, билет алып тұрған достары.
11
4 жасар Йонас (Чехия) түсірген суреттер: әкесі отын жарып жатыр, ағасы мен досы әкесіне көмектесіп жүр, ағасының үйінің арт жағында ағып жатқан бұлақ, інісі Матиас пен досы.