Accessibility links

Армян диаспорасы портреті

Америкалық армян фотожурналист Скаут Туфанкджян 2009 жылдан бері Бразилия, Эфиопия, Индия, Ресей сияқты әлемнің 20-дан астам елінде болып, сегіз миллион армян диаспорасы өкілдерінің қазіргі бейнесін суретке түсіріп шықты.

Туфанкджян негізінен сайлау науқаны кезінде АҚШ президенті Барак Обаманы суретке түсіріп танылған еді. Оның «Интернет тарихындағы ең ұнаған фотография» атты жобасы да жұртқа белгілі. Ол кейінгі кезде өзінің түп-тамырына, армяндар тарихына қызығып жүргенін айтады. Бұл суреттерді олардың жиынтық бейнесін жасау үшін түсірген.

Оның «Жер ғана бар» (Есть только Земля) деген жаңа кітабы әлем Осман империясының армяндарды жаппай өлтіру оқиғасын еске алар (24 сәуір) қарсаңда шықты. Туфанкджян «Біз аман қалдық және дами бастадық» дейді. Азаттықтың Армян қызметінің фотогалереясы.

XS
SM
MD
LG