Accessibility links

«Еуромайдан» эволюциясы

2013 жылы 21 қараша күні Киевтегі Тәуелсіздік алаңында Украинаның Еуропа Одағымен интеграциясын жақтаушылар шеруі басталды. Қала орталығындағы алаң содан бері "Еуромайдан" атанып кетті. Алғашқы күні шеруге екі мыңға жуық адам шықты. Олар сол кездегі Украина президенті Виктор Януковичтің Еуропа Одағымен (ЕО) серіктестік келісіміне қол қоюдан бас тартуына қарсы болды. 30 қараша күні Киевте шерушілер мен полиция қақтығысы басталды. Бірнеше айдан соң Виктор Янукович жасырын түрде елден кетіп қалды. Алаңдағы қақтығыстардан жүзге жуық адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG