Accessibility links

Өзбекстан: мақта алқабындағы бала мен қария еңбегі

Өзбекстанда жыл сайын мақта терімі басталғанда билік орындары жас пен кәріні, әртүрлі мамандық иелерін тегіс мәжбүрлеп, мақта алқабына жұмыс істеуге шығарады. Жасы 18-ге толмағандарды мұндай жұмысқа салуға ресми түрде тыйым салынғанымен, мектеп оқушылары ересек адамдармен бірдей еңбек етіп мақта тереді. Мақта жинап жүргендер арасында зейнеткерлер де кездеседі. Жылдың бұл мезгілінде Өзбекстанда кейбір емханалар жабылады – дәрігерлер мен медицина мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер де мақта теруге жіберіледі. Суреттерді Азаттықтың Өзбек қызметі түсірген.

XS
SM
MD
LG