Түрік полициясы 5 маусым күні түнде премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның кеңсесі орналасқан тұсқа, Долмабахче сарайы маңына келген шерушілерге қарсы су атып, жас ағызатын газ қолданды. Шерушілер полицияға қаратып фейерверк атты. Қарсылық акциясы кезінде ондаған адам тұтқындалды.