Accessibility links

Снаряд түскен тұрғын үй


Снаряд түскен тұрғын үй
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00

Донецк қаласының орталығында әскери қарудан атылған снарядтардан тұрғындар зардап шекті. Он қабатты тұрғын үйге түскен снарядтан бір адам қаза тапқан. Енді бірде көпқабатты екі тұрғын үйдің бірнеше пәтері бүлінген. Әскери қимылдар басталғанға дейін миллионға жуық адам өмір сүрген қалада қазір тұрғындар өмірлеріне күнделікті қауіп төніп отырғанына шағымданады. Соңғы тәуліктерде Украинаның шығысында үкімет күштері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы ұрыстар барысында қаза тапқан ондаған адамның арасында бейбіт тұрғындар да бар. Дүйсенбі күні Горловка кентінде мерт болған 17 тұрғынның арасында балалар бар деп хабарлады жергілікті билік. БҰҰ деректері бойынша, Украинаның шығысында әскери шайқастар басталғалы бері 1100-нан аса адам қаза тауып, жүз мыңнан аса тұрғын баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG