Accessibility links

Гонконгтегі қақтығыс


Гонконгтегі қақтығыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

Жүздеген полиция қызметкерлері Гонконг әкімшілігі ғимаратына тақау орталық көшеде қайтадан бой көтерген баррикадаларды қорғап тұрған шерушілермен қақтығысып қалды. Көшені босату туралы биліктің бұйрығына бағынбаған шерушілерге полицияның көзден жас ағызатын газ шашқаны туралы хабарланды. Екі жақтан да бірнеше адам жарақат алған. Нақты қанша адамның ұсталғаны белгісіз. Негізінен студенттер мен Occupy Central деп аталатын ұйымға қатысушылардан тұратын наразылар биліктен 2017 жылға белгіленген жергілікті әкімшілік басшысын сайлаудың еркін болғанын талап етеді. Ресми Пекин болса жергілікті сайлауға кандидаттарды орталық билік өзі іріктегені дұрыс деп санайды.

XS
SM
MD
LG