Грузия экс-президенті Михаил Саакашвилидің мәлімдеуінше, кезінде Грузияны ішінен ыдыратпақ болған Ресей билігі қазір сол саясатты Украинаға қолданып отыр. Оның пікірінше, Украинаға қорғаныс қабілетін нығайтумен бірге реформаларды жылдам жүзеге асыру қажет.