Accessibility links

Балмұздаққа кезек


Балмұздаққа кезек
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:44 0:00

Шымкенттің «Север» ықшам ауданындағы құйма балмұздақты сатып алуға күніне жүздеген адам кезекке тұрады. Жергілікті тұрғындар ондағы балмұздақтың ерекше дәмді екенін айтады. Сатушы Даврон Абдусаутов "балмұздақты дайындау тәсілім және күнде қанша балмұздақ өтетіні - коммерциялық құпия" дейді. Оның жұмысы таңғы сағат 10-нан бастап түнгі 3-ке дейін жалғасады. Давронның сөзінше, кезекке тұрушылардың қарасы күні бойы үзілмейді. "Әсіресе кешкі сағат 7-ден 10-ға дейін адам көбейеді, кезек күтушілерді саны 40-50-ге жетеді" дейді ол. Шымкент, 30 маусым 2015 жыл.

XS
SM
MD
LG