Accessibility links

Астанадағы Сирия келіссөздері


Астанадағы Сирия келіссөздері
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:11 0:00

Жұма күні Астанада Сириядағы қақтығысқа қатысты топтардың өз ішіндегі келіссөзінің екінші кезеңі басталды. Жабық түрде өтіп жатқан келіссөзге қатысушылардың тізімі жарияланған жоқ. Келіссөздер Сирияға байланысты халықаралық жағдай күрделі болып отырған шақта өтіп жатыр. Осы аптада Ресей әуе күштері Сирияда Башар Асад үкіметіне қарсы соғысып жатқандарға соққы берген. Мәскеу әуе шабуылы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы жасалғанын айтқан, бірақ Сирия біріккен оппозициясы ресейлік ұшақтар соққысынан бейбіт тұрғындар қаза тапқан деп мәлімдеген. Астанадағы Сирия келіссөздері қазанның 4-іне дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG