Шаңырақ ісі бойынша сот, 5 қазан 2007 жыл

0/0
 
 
процесс по делу Шанырака проходил в городском суде города Алматы. Власти объявили, что судебный процесс будет открытым. В день вынесение приговора – 05 октября 2008 года – с раннего утра перед зданием суда собралось много людей, в основном это были родственники и друзья подсудимых
 
Үкім шығатын күні таңертең Алматы қалалық сотының алдына айыпкерлердің туыстары мен дос-жарандары жиналды Соттың ашық өтетіні туралы биліктің уәдесі болғанымен, мұнда шеппен тұрған полиция ішке кірмек болғандардың жолын бөгеді Сот залының есігін мықтап күзеткен полициядан ішке қарай айыпкерлердің қорғаушылары әзер өтті Сот және полиция өкілдері залда бос орын жоқ деген сылтаумен, айыпкерлердің туған-туыстарын ішке өткізбей қойды Ең жақын адамына сот үкімі шыққалы жатқанда полицейлер ғимаратқа кіргізбеген соң, әйел шарасыздықтан жылап жіберді Сот залындағы орындардың жартысында полиция формасын және жай киім киген құқық органдарының қызметкерлері отырды Қоғамдық қорғаушы Жасарал Қуанышалин залдағы орындарды айыпкерлердің сыртта қалған туыстарына босатуды талап етті Сотқа келгендердің арасында оппозиция қайраткерлері Б.Әбілов пен Т.Жүкеев, тәуелсіз журналистер Е.Бапи, Б.Мәкімбай болды Қылмыстық іс бойынша 25 адамға Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, билікке бағынбады деген айыптар тағылды Ақын Арон Атабек (Едігеев) Шаңырақтағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, кісі өлтіруге қатысқан деп айыпталды Қылмыстық істі Алматы қалалық сотының төрағасы Адайбек Беймбетов бастаған үш қазы қарады Сот Арон Атабекті 18 жыл, ал полицейді өлтірген деген айыпппен Құрманғазы Өтегеновті (оң-1) 16 жыл қамау жазасына кесті Сот үкімімен тағы екеуге 14 және 15 жыл қамау жазасы, 20 адамға 1-3 жыл аралығында шартты жаза беріліп, 1 адам ақталды
Азат Еуропа / Азаттық радиосы © 2010 RFE/RL, Inc. | Барлық құқықтары қорғалған