Чехиядағы қазақ діни босқындарының хикаясы

0/0
 
 
Үш жыл бұрын Чехияда Батыс Қазақстан мен Алматыдан барған ондаған отбасы пайда болды. Өздерінің діни көзқарастары үшін қуғын көрген олар 2006 жылы бассауғалап қоныс аударыпты.
 
7 ақпан күні Праганың басты алаңында митинг өткізген қазақ діни босқындары Чехия үкіметіне саяси талап қойды Чех азаматтары үшін Вацлав алаңының тарихи маңызы ерекше Алаңның ең биік нүктесінде - Әулие Вацлав ескерткіші Наразылық танытқан қазақ босқындарының белсенділері Чехия үкіметіне арналған үндеуді оқуға дайындалып тұр Босқын қазақтар Чехия үкіметіне қоятын талаптарын төрт - қазақ, ағылшын, чех, орыс тілдерінде жазып алған Наразылық таныту митингісінен қазақ босқындарының үлкен-кіші балалары да қалған жоқ Босқын қазақтардың наразылық митингісі екі сағатқа созылды, полициялар да митингтің рұқсат қағазы бар-жоғын сұрады Олар өз үндерін чех билігіне жеткізу үшін төрт тілде жазылған талап-тілектерін екі сағат бойына оқып тұрды Қазақ  босқындарының кейбіріне депортациялану қаупі төніп тұр, қолдарына елдеріне қайту қағаздары берілген Босқын қазақтардың балалары ел назарын талап-тілектер жазылған плакаттарға аударуға тырысты Қазақ босқындары балаларының бірқатары Чехия жерінде дүниеге келген Қазақ босқындарының наразылық шеруі Вацлав алаңында серуендеп жүрген туристердің де  назарынан тыс қалмады Чех полициясының офицерлері қазақ босқындарының митингісіне берілген әкімшілік рұқсат қағазын тексеруде Өз айтулары бойынша, діни наным-сенімі үшін Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған бұл адамдардың ертеңі бұлыңғыр Чехия билігі наразылық шарасын өткізуге қарсы болған жоқ, арнайы рұхсат қағазын да берген болатын Бұрын-соңды болмаған оқиға бұл қыздың да назарын өзіне бұрды Босқын қазақтардың арасында балалар мен әйелдер де бар Қазақ босқындарының балалары ұстап тұрған плакатта Ата-аналарымен қатар балаларда да Қазақстанға қайту қауіпті деген қорқыныш бар Полиция қызметкерлері босқын қазақтардың  кейбірінің  жеке құжаттарын  мұқият тексерді Чехия астанасының орталығындағы Вацлав алаңы - туристердің ең көп келетін жері Босқын қазақтар Чехия үкіметіне қойған талаптары орындалмаса, тағы да наразылық митингісін өткіземіз дейді Митинг соңында қазақ босқындары Еуропа Одағына 6 тараудан тұратын талаптарын жолдады

Related

Азат Еуропа / Азаттық радиосы © 2010 RFE/RL, Inc. | Барлық құқықтары қорғалған