Алматыда аяқталған медиа-форум жайлы осы апталық «Екінші өмір» әлде «суррогатты жұмақ» па?» деген мақалада «елес тәрізді әлемдегі нақты проблемалар», яғни «интернет кеңістігінде адам өз бет пердесін қалай сақтап қалуға болады?» деген мәселе төңірегіндегі әңгіме қызық болды» дей келіп, «Батыс пен Шығыс неге бір-бірін естімейді?» деген мақаласында Ресейлік маман «медиа-форумда Рахат Әлиевтың «Өкіл қайын ата» атты кітабы туралы әңгіме болған жоқ, бірақ тілшілермен пікір алмасу барысында түйілген ортақ ой: «одан да жақсы жазуға болар еді. Бірақ ол кітапты жазған авторлар Рахат Әлиевтың жарыққа шығармақшы кітабына деген қоғамның қызығушылығын біршама сөндіруге қол жеткізді және сол арқылы өздерінің тактикалық мақсатына жетті деп есептеймін» деген ой айтыпты. «Жел қайдан еседі?» деген мақаласында Қазақстанның жоғарғы лауазымды екі тұлғасының балалары, яғни Республиканың қаржы полициясының басшысы Сарыбай Қалмұрзаевтың баласы мен Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтың баласы «Лариба-Банк» акцияларын сатып алу арқылы осы банкке қадағалау орнатты» дей келіп, автор «ол жас балаларда осыншама ақша қайдан пайда болды екен?» деп сұрайды.
«Новое поколение» апталығы «Ақша таусылды» деген мақаласында «таң қаларлығы, елде қаржы дағдарысы жоқ деп ресми мәлімденсе де, Қазақстан тоғыз жылдан бері өз бюджетін биыл бірінші рет қысқартуға мәжбүр боп отыр» деп жазыпты. Осы апталықтың «Рейтінгіміз жаман емес, бірақ құлдырап барады» деген мақаласында «Халықаралық рейтінгтік Standard&Poor's агенттігінің Қазақстанның рейтінгін төмендеткеніне Қазақстан қаржы министрлігі түбегейлі келіспегенімен, бюджетті қысқарту керектігін айтып отырғаны» жазылыпты.
«Караван» апталығы «Жүргізуші, әмианыңды аш» деген мақаласында «Қазақстан көлік және байланыс министрлігі парламентке кейбір аутокөлік жолдарымен жүруді ақылық негізге көшіру керектігін ұсынып отыр. Мамандардың есептеуі бойынша, алғашқыда айтылған балама тегін жүру жолдарын қалдырса, ақылы жол өзін ақтамайтын болған соң тегін жолдар болмауы керек» деп отыр» деп жазыпты. Мақала авторы мысалы ретінде «Астана мен Бурабайға бару үшін, ол шамамен 250 шақырым, бензин пұлдан басқа 1000 теңгедей жолға төлеуіңіз керек» деп жазыпты.
«Караван» апталығы Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың қызы Бермет Ақаевамен сұхбатын оның өз сөзімен «Біз міндетті түрде ораламыз» деп атапты. Онда Бермет «жалғыз оққағары барлығын, алдағы уақытта саясатқа оралмақ ниеті барын» айтыпты.
