AzattyqTV - Азаттық
AzattyqTV - Азаттық
 «Ақ жолға» жаңа басшы сайланды. Партия Құрылтайға өте ме? 
            <description>Астанада «Ақ жол» партиясының кезекті съезі өтті. Жиын барысында партия төрағасы Азат Перуашев жетекшіліктен кететінін мәлімдеп, орнына Дания Еспаеваны ұсынды. Ол "жаңа бастамаларға жол беру мақсатында" осы шешімге келгенін мәлімдеді. Партияның делегаттары Еспаеваны қолдап дауыс берді. </description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/90d0e1db-aa7e-46c0-77a4-08debadc3b87_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
АҚШ, Ресей және Украина келіссөзі "іс жүзінде тоқтады" | Соғыс жаңалықтары
            <description>Украина Ресейдің өнеркәсіп нысандарына шабуылды күшейтті. "Би-би-си" мен "Медиазона" басылымдары соғыста қаза тапқан 226 мыңнан астам Ресей сарбазының аты-жөнін анықтады. Мәскеу Балтық елдері мен Еуропаға жақын шекарадағы әскери базаларын жаңартып жатыр. </description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/a66fcf47-be94-4b2d-e710-08debadc7311_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
"Украинофоб болған". Киевте жазушы Булгаковтың ескерткішін алып тастады
            <description>Киевте орыс жазушысы, "Мастер және Маргарита" романының авторы Михаил Булгаковтың ескерткішін алып тастады. Киевте туған жазушы совет қоғамын сынап, сатиралар жазған. Ал Украинаның ұлттық ескерткіштер институты Булгаков "Украинаны Ресейдің провинциясы деп қарастырып, орыстың империялық идеологиясын қолдады" деген қорытындыға келген. Осыдан соң оның ескерткіші алынды. </description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/cdd2b837-8f99-4402-9051-08debadc418c_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
"ШЫҢЖАҢДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫСЫ ЕДІ"
            <description>Қытайда тұратын қазақ жазушысы Жеңіс Ырысқанұлынан Қазақстандағы балалары үш айдан бері хабар ала алмай отыр. Әйелі оны қытай полициясы ұстап әкеткенін, бірақ ешқандай түсініктеме бермегенін айтқан. Жазушыға қандай айып тағылғаны белгісіз. Азаттық оның ұлы Нартай Жеңіспен сұхбаттасты.</description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/0b828a6e-5cf9-45f6-c4d3-08debadc7311_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
Қытайдағы қуғын, Тоқаевқа үндеу, Талибанның тыйымы — AzatNEWS l 10.06.2026.
            <description>Қытайда тағы бір қазақ қаламгерінің қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.
Жиырма жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған кәсіпкер Ресейге барып, кері қайта алмай отыр. 
Еурокомиссия Украинаға қарсы Ресей жағында соғысқандарды Еуропа одағының аумағына кіргізуге тыйым салмақ.  </description>
Қырымда дүкен сөрелері босап қалған
            <description>Ресей аннексиялаған Қырымда тұрғындар дүкен сөрелері босап қалғанын айтып, кейбір негізгі азық-түлік тауарларын сатып алуға шектеу қойылғанына шағынып жатыр. Мұндай жағдай өңірдегі тасымал жүйесі бұзылып, жанармай қат болып жатқанда қалыптасып отыр. Бұған Украина дрондарының Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына және Қырымды Ресеймен байланыстыратын құрлық жолдарына жасаған шабуылдары әсер еткені айтылып жатыр.</description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/a5fb7264-0f2f-4a62-c4be-08debadc7311_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
Мәскеудегі жарылыста ресейлік генерал қаза тапқаны айтылды
            <description>9 маусымда Мәскеу түбіндегі Балашиха ауданында BMW X3 көлігі жарылып, ішіндегі жүргізуші қаза тапты. Тергеу комитеті көлікке бомба қойылғанын, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, бірақ көлікте болған адамның аты-жөнін жарияламады. Бірнеше дереккөз көлікте ресейлік генерал болған деп жазып жатыр.</description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/ef729331-4155-4643-16b8-08debadc4af7_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
Тәліптер әйелдердің құқығын қорғауды талап еткен шеруді күшпен басты
            <description>9 маусымда Ауғанстанның Герат қаласында әйел құқықтарын қорғауды талап еткен тұрғындардың наразылық шеруін тәліптер күшпен басты. Шеруге бірнеше әйелдің киім үлгісіне қойылған талаптарды сақтамады деген себеппен ұсталғаны түрткі болған. Оқиға куәгерінің айтуынша, кемінде бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Ал тәліптер билігі қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәліметті де, әйелдердің ұсталғанын да растаған жоқ.</description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/fca486f3-0cc2-474f-8fcb-08debadc418c_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
Зейнетақы дауы, белсенділердің ісі, зілзала салдары — AzatNEWS/09.06.2026.
            <description>Қытай туын өртеп сотталған "Атажұрт" белсенділерінің шағымы қаралды. 
Халық зейнетке жиған ақшасынан бүгінге дейін 6 триллион теңге алған. 
Филиппинде жер сілкініп, қырыққа жуық адам көз жұмды. </description>
Украинаның дрон шабуылы күшейді, Ресей Еуропаға сенбейді | Cоғыс жаңалықтары
            <description>Украинаның Запорожье және Харьков облыстарына Ресей жасаған дрон, зымыран шабуылдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, ондаған адам жараланды. Ал Украина қарулы күштерінің Ресейге соққыны үдетуінен кейін аннексияланған Қырым түбегінде жанармай мен азық-түлік тапшылығы туындады. НАТО күштері Ресейден ұшып келген дронды атып түсірді. Осы тұста Мәскеу соты Украинаның дрон күштерінің қолбасшысы Роберт Бровдиді терроризм айыбымен сырттай соттады. </description>
Иран Израильді атқылады. Тегеранда жарылыс болды | Соғыс жаңалықтары
            <description>Иран түнде Израильге зымыран ұшырып, Ливанға шабуыл жасауды тоқтатуды талап етті. Бұл әрекеттен соң Израильдің қарулы күштері қарымта соққы жасады. Тегеран мен өзге қалаларда жарылыс болғаны хабарланды. Таяу Шығыста не боп жатыр? </description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/1e6f7f03-a0a1-492c-e5ee-08debadc7311_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
"Аманатқа" қиянат па? — AzatNEWS l 08.06.2026
            <description>Киевте журналист Наталья Садықова мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің соты басталды. 
"Аманат" партиясы таяуда ғана құрылған "Әділет" партиясына қосылуы мүмкін. 
Армения премьер-министрінің партиясы сайлауда ресейшіл топты басып озды.</description>
Ресейдің қысымы Армениядағы сайлауға қалай әсер етті?
            <description>Армениядағы парламент сайлауында қазіргі премьер Никол Пашинянның "Азаматтық келісім" партиясы жеңіске жетті. Ресейшіл партиялар "Күшті Армени" мен "Армения" блогы да парламентке өтті. Сайлау алдында Ресей Арменияға қысымды күшейткен еді. Ал саяси сарапшы бұл қысым Армения қоғамын біріктірді деп санайды.</description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/a82690ee-f58a-4ecc-164e-08debadc4af7_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
Зеленскийдің Путинге хаты, Egov ішіндегі "Әділет" — AzatNEWS l 05.06.2026.
            <description> "Әділеттікі" әділет пе? Жақында тіркелген билікшіл партияға Egov арқылы адам тіркеу науқаны жүріп жатыр. 
Полиция есірткі айыбымен ұстаған белсендіні босата ма? Жаңаөзенде мұнайшылар ереуіл өткізіп, шарт қойды.
Зеленский Путинге ашық хат жолдады. Ресей басшысы жауап бере ме? </description>
Алтай өңірінде билікке қарсы шыққан белсенді Аруна Алтай сотталды
            <description>Ресейдің Алтай өңірінің белсендісі Аруна Арна «терроризмге шақырды» деген айыппен бес жылға сотталды. Ол Кремльдің реформасына және Алтай басшысы Андрей Турчакқа қарсы наразылыққа шыққан еді.</description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/b7fad414-e862-49f3-e599-08debadc7311_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
Ким Чен Ынның алдында жылаған футболшылар
            <description>Солтүстік Кореяның мемлекеттік телеарналары елдің футболдан қыздар құрамасы ел басшысы Ким Чен Ынмен кездескен сәтін жариялады. Видеода спортшылар секіріп қуанып, жылап жатқаны көрінеді. Спортшылар мамырда Оңтүстік Кореяға барып, Азия конфедерациясының әйелдер лигасын жеңіп келген.</description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/8f28cc0a-9ae0-4c7b-c3c4-08debadc7311_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
Ресейде бензин тапшы. Неге?
            <description>Ресей аннексиялап алған Қырымда бір аптадан бері бензин тапшы. Әр көлікке күніне 20 литрдан шектеу қойылған. Мәскеу, Санкт-Петербургте де бензин шектеп сатыла бастады. Бензин дағдарысына Украинаның шабуылы себеп.</description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/b3f3b8a0-bcb5-4166-e597-08debadc7311_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
Ресей қырғыз-қазақ қыздарын дрон жинауға тартып жатыр ма? 
            <description>Ресей қыздарға арналған арнайы бағдарлама арқылы қырғызстандықтарды «Алабұға» дрон өндірісіне тарта бастады. Мұндай хабарландырулар Қырғызстанның оқу орындарына да жеткен, бірақ кейінірек олардың бір бөлігі өшірілді. Астанада да осындай хабарландырулар байқалған. </description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/3146ee38-6da0-464c-a4b8-08debadd8a36_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
Экс-депутаттың ұсынысы неге өтпеді? Владимир Дворецкиймен сұхбат
            <description>Бір топ қоғам белсендісі cайлау туралы заң қаралып жатқанда парламентке хат жолдаған. Онда сайлаудың ашықтығын, әділ өтуін қамтамасыз ету жөнінде бірнеше ұсыныс болған. Олардың ешқайсысы қабылданбады. Ұсыныс авторларының бірі, экс-депутат Владимир Дворецкиймен осы мәселе жөнінде сұхбат құрдық.  </description>
            <category>AzattyqTV</category><enclosure url="https://gdb.rferl.org/ba9152d6-fbfc-4469-c39b-08debadc7311_tv_w800_h450.jpg" length="0" type="image/jpeg"/></item>
"Штрафстан" және Тоқаев, ақталған Перуашев, биліктің рақымы — AzatNEWS l 03.06.2026.
            <description>Президент Тоқаев "Штрафстан" сөзіне шүйлігіп, депутат Перуашев тағы да түсіндіруге мәжбүр болды. 
Алматыда Қайрат Сатыбалдының есімі аталатын даулы қонақүй біржолата үкіметке өтіп жатыр. 
Қазақстанда алғаш рет әкімшілік істерге рақымшылық жасалмақ.</description>