Дүйсенбі, 21 көкек 2008 жыл.    
Алматыдағы Сейфуллин көшесінде күнделікті қара жұмысқа жалданатын Әбдуали шетелдік еңбек мигранттары туралы
- Біздің елге Қырғызстаннан заңды түрде жұмысшылар алып келу дұрыс емес деп санаймын. Себебі, Қазақстанда жұмыссыз жүрген өз азаматтары өте көп. Мен енді нақты санын айта алмасам да, ондай жұмыссыздардың біздің елде аз еместігі шүбәсіз.

Сондықтан да сол жұмыстарды, мейлі, ол қара жұмыс болсын, қандай болса да – біздің елдің өз азаматтары жасағаны дұрыс болар еді деп ойлаймын. Ал әлгі заңды немесе заңсыз келіп жатқан шетелдік азаматтардың, негізі, өз Отандары бар, олар жұмысты сонда іздегені жөн. Ал олардың бізге келіп, осы жерде қара жұмысқа жалданып еңбек етуіне өз басым қарсымын.

мұрағат
Электрондық адресіңіз:

Пікіріңіз:

 
Radio Free Europe / Radio Liberty © 2003 RFE/RL, Inc. All Rights Reserved. contact us: webmaster@rferl.org