Сәрсенбі, 19 маусым 2013, Алматы 09:00


Хабарлар кестесі

Жергілікті уақыт белдеуі

30 сәуір 2012

07:00 - 07:30

Апта тынысы

Апта тынысы – Апта бойына орын алған маңызды оқиға, жаңалықтарға құрылған апталық шолу хабары.

07:30 - 07:59

Перекресток

Орталық Азиядағы саяси және әлеуметтік ахуалды баяндайтын, сараптама жасап, орыс тілінде шығатын "Перекресток" бағдарламасы

19:00 - 19:04


19:04 - 19:30

Күнделікті бағдарлама

Қазақстанның барлық қалалары сияқты Қарағандыда да 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күніне қызу дайындық жүріп жатыр деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

«екараганда.кз» сайтының жазуына қарағанда «Бесоба» кешенінің баспанасыз қалған тұрғындары әкімдік ұсынған келісімшарттарда құқтарымыз сақталмаған деп, егер талаптарымыз орындалмаса, әкімдікпен соттасамыз дейді.

Өткен жылдың 16 желтоқсаны күні болған Жаңаөзен оқиғасында жарақаттанып, қолынан айрылып қала жаздаған Естай Сатыбалдиев өзіне жұмыстан қайтып келе жатқан кезде кездейсоқ жағдайда оқ тигенін айтады. Осылайша ол 28 жасында екніші топтағы мүгедек болып қалды.

Ақтауда басталған қызметтік өкілін асыра пайдаланды деген айыппен сотқа тартылып жатқан полицейлердің сотына жәбірленуші ретінде қатысып отырған Естай Сатыбалдиев бейбіт халыққа оқ атқан полицейлер тиісті жазасын алуы керек дейді.

Иран үкімет елді сыртқы интернеттен шектемекші.

Қазақстан ақпарат агенттіктерінің жазуына қарағанда, жақын уақыттан бері  «Қазақстан халық банкі» юаньмен де есеп айырысатын болды.
Қазақстанның сауда орындарында, базарларда тұтынушылар негізінен қандай валютамен сауда жасайды екен, тілшілеріміз шағын сауланама жүргізіп көрген болатын.
.

19:30 - 19:45

Уақыт бедері

2012 жылғы ҰБТ-ның ең үлкен  жаңалықтарының бірі - колледж бітірушілерге бағытталған сыңайлы. Бұдан былай колледж бітіріп, белгілі мамандықты игеріп үлгергендер де ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО-ға жолдама ала алмайды. Бұл жаңалыққа орта мектеп бағдарламасынан гөрі арнайы кәсіптік білімге бейімделіп оқып жатқан колледж түлектері қарсылық білдіруде. 

«Жоғары оқу орнына түсу үшін олар тек арнайы мамандық бойынша сұхбаттасудан ғана өтпей, абитуриентті кешенді тестілеуді тапсыруы керек. АКТ дегеніміз екінші ұлттық бірыңғай тестілеу, ешқандай айырмашылығы жоқ. Ал дайындық үшін тек бір ай ғана, ал мектепте бұл үшін екі жыл береді» дейді «Бітірушілер ата аналарының» бастамашыл тобының мүшесі Вероника Нарыцина.

Ал «Ар-намыс» оқытушылар мен мұғалімдер ұйымының  төрайымы Ғалия Әміртаеваның сөзінше, балалардың қабілетіне қарай оларға таңдау беру керек
Қазақстандағы тең құқық пен тең мүмкіндіктер институтының директоры Маргарита Өскенбаева мұндай тестілеу балалардың психологиясына кері әсерін тигізуі мүмкін дейді:

Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Мұрат Бақтиярұлы да білім саласындағы реформалар туралы пікірін айтты. «Кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілер жоғары оқу орындарына түсу үшін орта мектеп бағдарламасы негізінде тест тапсыру керек деген шешім тым асығыс қабылданған сияқты» деді сенатор.

19:45 - 20:00

Зерде

Қазақстанның анимация саласы тәуелсіздік алған 20 жылдан астам уақыт ішінде балаларға  қандай туындылар дайындап ұсынды? Туындылар кішкентай көреремендер ойынан шықты ма?

Бұл ретте ата-аналар әзірге кішкентай көрермендер көңілінен шыққан мултьфильмдердің жарыққа шыға қоймағанын айтады. Қазақстан аниматорлары қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев анимация өнеріне мемлекет көңіл бөліп отырған жоқ дей келе, дәл осы себептен жекелеген анимация орталықтарын ашуды ұсынады. Оның айтуынша, халықаралық талаптарға сай жасалған мультфильмдер тартымды болмақ.

Ол қазір телеарналарда жүріп жатқан қазақфильм киностудиясы шығарған мультфильмдерді анимация саласының мамандары дайындамағандықтан ойы күрделі, балалар бірден түсініп, қызығып қарайтындай деңгейде емес деді.
.
30 сәуір 2012

Радионы тыңдау

Хабарлар кестесі

Күнтізбе

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?